Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ирандағы ұшақ құлаған жерден зымыран бөлігінің суреті пайда болды

Опубликовано:

Ракетаның әртүрлі бұрыштан түсірілген суреттері желіде пайда болды. Болжам бойынша, олар Иран астанасындағы украиналық жолаушылар лайнерінің құлаған жерінде түсірілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ирандағы ұшақ құлаған жерден ракетаның бір бөлігі табылды
Фото: Twitter / Элиот Хиггинс: UGC

Суреттер бастапқыда Twitter әлеуметтік желісіндегі ирандық белсенділердің бірінің жеке бетінде пайда болды. Ол жазбаның астына бұл фотосуреттерде қайғылы оқиға болған жерден табылған фрагмент бейнеленгенін мәлімдеді деп жазады "Факты" басылымы.

Ол сондай-ақ суретте бейнеленген фрагменттің шын мәнінде зымыранның бір бөлігі болуы мүмкін деген ой түйді. Британдық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің бірі, Элиот Хиггинс есімді журналист желіде таралып жатқан кадрларға қатысты пікір білдірді.

Оның сөзінше, ол аталған суреттердің бұрынғы көшірмелерін желі кеңістігінде іздеп, таба алмағанын сөз етті. Сондай-ақ, атап өтілгендей, сыртқы ерекшеліктерінің болу себебінен кадрлар тексеріске жарамайды.

Жалпы қазіргі таңда суреттердің шынайы емес екені анықталған.

Еске сала кетейік, 8 қаңтарда таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайынан ұшып шыққан украиналық Boeing 737 лайнері әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң апатқа ұшырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1835452-irandagy-sak-klagan-zerden-zymyran-bligini-sureti-pajda-boldy/

pixel