Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігерлер стоматологиядан кейін комаға түскен бүлдіршіннің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда екі жасар қыз анасымен бірге тіс дәрігеріне барғаннан кейін комаға түсті. Дәрігерлер анестезиядан соң терең ұйқыға кеткен бүлдіршіннің жағдайын қанша қажет болса, сонша бақылауда ұстайтынын алға тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Дәрігерлер стоматологиядан кейін комаға түскен бүлдіршінге қатысты мәлімдеме жасады
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Комаға түскен қызға "Бас миының өлімі" диагнозы қойылған жоқ. Бұл туралы анестезиолог-реаниматолог Нұрила Малтабарова баспасөз конференциясы кезінде хабарлады.

"Ми өлімі" диагнозы қойылған консилиум шешімі әлі қабылданған жоқ. Ешкім баланың қанша уақыт комада жататынын дөп басып айта алмайды. Барлығы ағзаға байланысты. Біз кеңес берушілермен бірге барлық қажетті терапияны жасаудамыз. Бүлдіршінді жүрек-қан тамырлары жүйесі мүмкіндік бергенше, қанша уақыт қажет болса, сонша бақылауда ұстаймыз", - деді Малтабарова.

Естеріңізге сала кетейік, бүлдіршінді комаға түсірген тіс емханасында бірқатар заң бұзушылық анықталғаны туралы хабарлаған едік.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігі комитеті тексеріс жүргізгеннен кейін сотқа клиника қызметін тоқтату туралы арыз дайындап жатыр. Балаға қатысты жантүршігерлік жағдайдан кейін комитет клиникадан бірқатар тәртіп бұзушылықты анықтады.

Сондай-ақ, "Доктор Бро" стоматологиясында бұған дейін тағы бір баланың анафилактикалық шок алғаны туралы ақпарат пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835459-drigerler-stomatologiadan-kejin-komaga-tsken-bldirsinge-katysty-mlimdeme-zasady/

pixel