Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Батыр адам еді": Бауыржан Ибрагимов Заманбек Нұрқаділов туралы ойын айтты

Опубликовано:

"Бауыржан шоу" театрының негізін қалаушысы Бауыржан Ибрагимов танымал отандық саясаткер Заманбек Нұрқаділовті есіне алып, ол туралы ойын ашық айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: odfoundation.eu/видеодан кдар. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: odfoundation.eu/видеодан кдар. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ибрагимов Мақпал Жүнісованың жолдасын қандай адам ретінде білгенін жасырмай айтты. Әзілкеш марқұм саясаткерді нағыз батырға теңеді.

"Ол кісі батыр адам еді. Закеңнің мінезін көп байқап көретін едім. Бойында батырлық, бірсөзділік, тәккапарлық қасиеті болатын. Майда емес еді. Мысалы, бір жұмыстармен барып қалсаң, ол сенің көңіліңе де қарамайды. "Ертең кел, көрейік" деген ол кісіде жоқ еді. Болатын болса болады, болмаса болмайды. "Басты ауыртпаңдар, сендерге жоқ" деп айтып, сені шығарып жібереді. Ертең ренжіп қалады ғой деп ойламайтын.

Өзі бір бала сияқты еді. "Бірінші кітапты саған берейін деп, жазып қойдым" дегенде қолымен жаза алмай отырғанын байқадым. "Қолыңызға не болды?" деп сұрағанымда Мақпалдың ай сияқты бас киімін көрсетті. Ол жылтырақ тастармен көмкерілген болатын. Сөйтсем, Зәкең түнімен соның тастарын қадаған екен. Сол кезде қолына бір-екі рет ине кіріп кеткен.

Ол кісінің деңгейіндегі жігіттердің нақ сүйері жоқ екен деп айта алмаймын. Бірақ, ол кісі Мақпалды сүйетінін бүкіл елге айтып, соны елге мойындатып тастады. Тіпті, тас тіккеніне дейін намыстанбай, оны мақтан тұтып айтты. Жасырып, көпірдің астымен емес, алды да теледидарға шығарды. Оған да батылдық пен жүрек керек. Сондай сияқты тазалықтары көп еді. Шынайы кісі болған" , - деп ағынан жарылды Ибрагимов.

Айта кетейік, бұған дейін Бауыржан Ибрагимов Елбасымен достығы туралы бар шындықты айтқан болатын.

Оған қоса, өнер иесі танымал саясаткер Иманғали Тасмағамбетов жайлы ойын ортаға салған еді. Ол оны нағыз ісіне берілген адам ретінде сипаттады.

Оған қоса, театр майталманы өнердегі інісі Тұрсынбек Қабатовтың әзілін түсінбейтіні мен оны актер ретінде қабылдай алмайтынын ашып айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1835460-batyr-adam-edi-bauyrzan-ibragimov-zamanbek-nrkadilov-turaly-ojyn-ajtty/

pixel