RU
Белгілі актер теңізде 11 сағатқа жоғалып кеткен жігітті құтқарды

Белгілі актер теңізде 11 сағатқа жоғалып кеткен жігітті құтқарды

Рассказать Вконтакте

Атақты америкалық актер Леонардо Ди Каприо теңізде жарты тәулікке жуық уақыт өткізген Франция азаматын құтқарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Life.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: Instagram/leodicaprio3542

Фото: Instagram/leodicaprio3542

Оқиға 30 желтоқсан күні болды.

"Титаник" фильмінің 45 жастағы жұлдызы Кариб теңізінде яхтада демалып жатқан уақытта, апат сигналын естіген.

Cол мезетте басқа кеменің экипажы жолаушылардың бірінің жоғалтып кеткенін хабарлады.

Белгілі болғандай, Виктор есімді 24 жастағы Франция азаматы алкогольді ішімдікті шектен тыс тұтынып, борттан құлап кеткен екен.

Бұл хабарламаға жауап қатқан тек Ди Каприоның кемесі ғана еді.

Содан кейін олар бірден жоғалып кеткен жігітті іздестіруге кірісті.

Ди Каприо көп ұзамай Саба аралына жақын жерден франциялық жігітті тауып алып, көмек қолын ұсынды.

24 жастағы ер адамның суда 11 сағатын өткізгені анықталды. Ол Леонардо Ди Каприоның кемесінде тамақтанып, киімін ауыстырған.

Француз өзін құтқарушылардың тауып алғанына, соның ішінде атақты актердің болғанына о баста мүлде сенбегенін жеткізді.

Осы демалыстан кейін Ди Каприо АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен "Алтын глобус" сыйлығын табыстау рәсіміне қатысты.

Еске сала кетсек, 2016 жылы Леонардо Ди Каприо тұңғыш рет "Оскар" жүлдесінің иегері атанды. Ал оған дейін актер аталған марапатқа 5 рет ұсынылған болатын.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel