RU
Апатқа ұшыраған украиналық лайнерге зымыран тиюі мүмкін екенін болжайтын видео жарияланды

Апатқа ұшыраған украиналық лайнерге зымыран тиюі мүмкін екенін болжайтын видео жарияланды

Рассказать Вконтакте

Иранда бірнеше күн бұрын апатқа ұшыраған Boeing 737 украиналық лайнердің құлау сәтінен желіде бірнеше видео пайда болды. Белгілі болғандай, әуе апаты кезінде 170 адам опат болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр / isna.ir

Фото: Видеодан кадр / isna.ir

Екі бейнеролик те Тwitter әлеуметтік желісінде пайда болған.

Алғашқы видео NarimanGharib есімді қолданушының жеке парақшасында жарық көрген. Ондағы кадрларда болжам бойынша, Украина ұшағының көкке көтерілгені байқалады. Болжамға сәйкес, осы сәтте лайнерге снаряд тиген.

Кейінірек БАҚ бұл ақпаратты растаған.

Екінші ролик IranianPatriot есімді қолданушының парақшасында жарияланды. Роликті көру барысында болжам бойынша, украиналық ұшақтың жерге тимес бұрын отқа оранғанын көруге болады.

Лайнер жермен соқтығысқан сәтте жойқын жарылысытың дауысы шығып, айнала қып-қызыл түске боялған.

Бұл жазбаны растайтын әзірге ресми ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, 8 қаңтарда таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайынан ұшып шыққан украиналық Boeing 737 лайнері әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң апатқа ұшырады.

Әуе кемесінің бортында болғандардың барлығы қаза тапты. Украина президенті Владимир Зеленский қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Кейіннен Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі әуе апатынан қаза болғандардың нақты санын атады.

Алайда, Иранның ТЖ басқармасының басшысы ұшақ апатына байланысты біршама басқаша мәліметтер келтіріп өтті. Оның айтуынша, ұшақ бортында 179 адам болған, оның 147-сі Иран азаматтары деп жазды РИА Новости.

Кеше, 9 қаңтарда Иран украиналық ұшақ апатына қатысты зерттеудің алғашқы нәтижесін жариялады. Жергілікті Азаматтық авиация ұйымының есебінде Boeing ұшағының жерге соқтығыспай тұрып, өртенгені айтылған.

"Куәгерлердің хабарлауынша, өрт ұшақтан шыққан және фюзеляжға тараған", - делінген құжатта.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel