RU
Алматыдағы ұшақ апаты: Комиссияның алдын ала нәтижелері бүгін белгілі болады

Алматыдағы ұшақ апаты: Комиссияның алдын ала нәтижелері бүгін белгілі болады

Рассказать Вконтакте

Үкіметтік комиссияның алдын ала нәтижелері Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында жарияланады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Орталық коммуникациялар қызметінің мәліметінше, алдын ала нәтижелер бүгін, 10 қаңтарда ұсынылады.

"2020 жылғы 10 қаңтар күні сағат 15:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облысындағы BekAir әуекомпаниясы ұшағының апаты себептерін анықтауға қатысты үкіметтік комиссия жұмысының алдын ала болжамы бойынша мәлімдеме жасалады", - делінген хабарламада.

Баяндамашылар:

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман СКЛЯР;

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік ҚАМАЛИЕВ;

Мемлекетаралық авиациялық комитеттің бас директоры Виктор СОРОЧЕНКО.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Бірнеше сағат өткен соң қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің сөйлескен жазбасы жарияланды.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Роман Склярдың және бірнеше жауапты тұлғаның қатысуымен болған баспасөз брифингінде ұшақ апатының болжамды екі себебі айтылды.

Ал ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қайғылы оқиғаға себеп болуы мүмкін үш нұсқаны атады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel