RU
СҚО-да мандариннің ішінен дәрі шықты (видео)

СҚО-да мандариннің ішінен дәрі шықты (видео)

Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны мандариннің ішінен дәрі таблеткаларын тапты. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

"Хабар" арнасының мәліметінше, осыған байланысты облыстық полиция департаменті пікір білдірді.

Ведомство 8 қаңтар күні Тайынша ауданы полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне Қарағаш ауылының фельдшері қоңырау шалғанын айтты.

Тәртіп сақшылары ауыл тұрғыны жемістің ішінен дәріге ұқсас ақ түсті зат тапқанын жеткізді.

Бұл факт қылмыстық кодекстің 306 бабы 1 тармағына сәйкес (Қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілгені белгілі болды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы зерттелуде.

Тергеуге тиісті мекеменің мамандары тартылып, сараптама тағайындалған.

Ведомство сотқа дейінгі тергеудің жүргізілуі облыстық полиция департаменті мен облыстық прокуратура жетекшілігінің бақылауында екенін мәлімдеді.

Осыған ұқсас видеолар бұған дейін де мессенджерлерде тараған болатын.

Еске сала кетсек, дәрігерлер неге мандаринді көп жеуге болмайтынын түсіндірді.

Олар аталған жемісті мөлшерінен артық пайдаланған жағдайда азғадағы аллергиялық реакциялардың дамитынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel