RU

Алматы базарының бірінде ер адам саудагерді елдің көзінше пышақтады (видео)

Telegram logo VKontakte logo

Әлеуметтік желіде белгісіз ер адам мен базар сатушысы арасындағы жанжал бейнеленген видео жарияланды. Видео кадрынан текетірестің соңы саудагердің пышаққа түсуімен аяқталғанын көруге болады. Қалалық полиция департаменті суық қару пайдаланған ер адамның психиатриялық диспансерде есепте тұрғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр: UGC

Оқиға 8 қаңтар күні Достық шағынауданында орналасқан базардың бірінде орын алған.

Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жасы шамамен 25-30 аралығындағы ер адамның кетіп бара жатқан тұрғындарға және дүкен сатушысына пышақ ала ұмтылғаны туралы хабарлама келіп түскені белгілі болды.

Жедел істестіру барысында күдікті қолға түсті.

Ол 2011 жылдан бастап психиатриялық диспансерде "параноидтық шизофрения" диагнозымен есепте тұрған.

Жедел медициналық жәрдем бригадасы пышақпен шабуыл жасаған ер адамды Алматы қаласының "Психикалық денсаулық орталығына" жеткізді.

Аталған іске қатысты қылмыстық кодекстің 293 бабы 3 бөлігі 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Пышақталған адамның жарақаты туралы мәлімет әзірге жоқ.

Еске сала кетсек, Жетісайда да осыған ұқсас жағдай болған. Мектеп оқушысы құрдасының басына пышақ сұғып алған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Алматы базарының бірінде ер адам саудагерді елдің көзінше пышақтады (видео)