Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жолаушылармен бірге қоғамдық көлікке мінген жылқы тұрғындарды таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

Өзбекстан астанасы Ташкенттегі қоғамдық көлікте жолаушылармен бірге жылқы тасымалдаған кондуктор жұмыстан қуылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Podrobno.uz-ға сілтеме жасап.

Фото: podrobno.uz
Фото: podrobno.uz: Facebook

2019 жылы желтоқсан айының соңында көршілес елдің әлеуметтік желілерінде қоғамдық автобуста жолаушылармен бірге жүрген жылқының фотосы тараған.

Куәгерлердің сөзінше, жылқы № 44 "Авиасозлар – Гулобод" бағытындағы автобуста байқалған.

Көптеген өзбекстандықтар бұл жаңалыққа сенбей, суретті монтаж деп тапқан. Алайда "Тошшахартрансхизмат" компаниясы бұл деректің шын екенін айтып, растаған.

"Кондуктор мен жүргізуші автобуста жануарларды тасымалдауға болмайтынын біле тұра, жолаушының салонға жылқыларды кіргізуіне рұқсат берген. Ол жануардың жолаушылар үшін қауіпті болуы мүмкін екенін ойламаған", - деді компания.

Істің барлық мән-жайы анықталғаннан кейін компания кондукторды жұмыстан шығаруға шешім қабылдапты. Ал автобус жүргізушісіне сөгіс жарияланған.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желілерде Алматыдағы №23 бағыттағы автобус кондукторының қоғамдық көлікке лық толған адамдарды тығыздап итеріп жатқан видеосы тараған.

Роликтегі кадрларда кондуктордың жолаушыларды автобусқа сыйғызбақ болып, оларды транспорттық көлікке итеріп мінгізіп жатқаны көрінеді.

Жолаушылар мінген соң оның өзі автобусқа сыймай қалады. Кондуктордың осы сәтте жасаған ерсі әрекеті қызу талқыға түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1835494-zolausylarmen-birge-kogamdyk-klikke-mingen-zylky-trgyndardy-tagaldyrdy-foto/

pixel