RU
Ақтөбеде 15 жастағы оқушыны өлтірді деген күдікпен тағы бір жасөспірім ұсталды

Ақтөбеде 15 жастағы оқушыны өлтірді деген күдікпен тағы бір жасөспірім ұсталды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде он бес жастағы оқушыны пышақтап өлтірді деген күдікпен тағы бір адам қамауға алынды. Осыдан екі ай бұрын жоғары сынып оқушылары қыз үшін жаппай жаға жыртысқан болатын. Сол уақытта пышақ жарақатын алған Мадияр Исмағұлов қансыраған күйі аурухананың ауласында қайтыс болды. Осы оқиғаға байланысты іс қозғалып, марқұмнан бір жас үлкен оқушы қамалса, екі ай өткенде тағы бір жасөспірім күдікке ілінуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/КТК

Видеодан кадр/КТК

Жасөспірімдер арасындағы төбелес 10 қараша күні кешке Заречный-3 елді мекеніндегі дүкеннің жанында болды.

Жанжал кезінде 15 жастағы студент Мадияр Исмағұлов пышақ жарақатын алды.

Сол күні қансыраған оны достары аурухана ауласына тастап кетіпті.

"Оны көрген куәгерлер бар. Соның сөздерінен біліп тұрмыз. Бүкіл сол жердегі балалар біліп тұр. Бірақ көбі кішкентай балалар ғой, қорқады", - деді марқұмның анасы Гүлмира Исмағұлова.

Марқұмның туыстары тергеушілерден оқиғаға куә болған балаларды қорғауға алуды талап етуде.

Өйткені қамауға алынған екінші баланың туыстары қысым көрсетіп жатқан көрінеді. 

"Диас деген баланың пышақтағанын айтып берді. Ол да 11-ші сыныпта оқиды екен. Оны қазір полиция ұстаған. Бірақ бұл оқушының ата-анасы мен жақындары мықты адамдар болып тұр. Өзім оларды көрген емеспін, танымаймын да. Бірақ куәгерлерге қысым көрсетіп жатқаны айтылуда", - деді марқұмның әкесі Арман Исмағұлов.

Осы іске байланысты марқұмның туыстары аудандық прокуратураға да барды.

"Бүгінгі таңда бұның барлығы бақылауда. Бұл іс қаланы шулатқан іс. Жас балалар арасында болған жағдай. Қазір бір бала қамауда. Енді тағы бір бала бойынша шешім қабылданып жатыр", - Алматы ауданы прокурорының міндетін атқарушы Жасұлан Дәулембаев.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, өткен жылдың 10 қарашасында Ақтөбеде жиырмаға жуық жасөспірімдер төбелесіп, соның салдарынан мектеп оқушысы көз жұмды.

Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, 15 жастағы Мадияр Исмағұловтың өліміне күдікті ретінде мектеп оқушысы ұсталды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel