RU

Қарағанды облысында экс-әкімнің ұлы ер адамды топпен ұрды деп күдіктелуде

Telegram logo VKontakte logo

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылының бұрынғы әкімінің ұлы мен оның достарының үстінен жергілікті тұрғыннан шағым түсті. Зардап шеккен азаматтың сөзінше, ер адам оны достарымен бірге ұрып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Зардап шегушінің айтуынша, оның республикалық арналардың біріне әкімнің жұмысы жайлы берген сұхбаты қол жұмсауға себеп болған.

Жапа шеккен адам телеарнаға сұхбатты желтоқсан айының соңында берген. Ер адам түсірілім тобына сол кезде ауыл әкімі болып жұмыс істеген Меруерт Мадикенова өзінің қызметтік міндеттерін орындай алмайтынын, адамдармен дөрекі сөйлесетінін және ол туралы тағы бірнеше шағым айтқан.

Тұрғынның айтуынша, аталмыш сұхбат эфирге шыққан соң Мадикенова ханым қызметінен кеткен.

Зәбір көрген азаматтың сөзінше, дәл сол күні кешке оны төрт ер адам ұстап алып, көлікке күштеп мінгізіп, ауыл сыртына апарған. Осылайша топтасқан ер адамдар тұрғынды аяусыз соққыға жыққан.

Жәбірленуші өзіне шабуылдағандардың бірі шенеунік әйелдің ұлы екенін танып қойған. Болған жағдайдан соң ол полицияға жүгінген.

"Бұл адамдар бетперде киіп алған. Олар мені түн ортасында ұстап алып, айдалаға апарып, ұрып-соғып, тастап кетті. Мен олардың бірін таныдым. Ол бұрынғы әкімнің ұлы, қалғандары - оның достары. Олардың бәрі қолға түсті", - деді зардап шегуші.

Қарағанды облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі 39 жастағы зардап шегушіні ұру дерегі бойынша Қарқаралы ауданы Полиция бөлімшесінде сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Іс 293-баптың 2 тармағы бойынша, яғни алдын ала келісіліп, топтасып жасалған бұзақылық бойынша қозғалған.

"Сотқа дейінгі тергеу жасау барысында қылмысқа қатысы барлардың бәрі анықталып, олар өз кінәсін мойындап, түсінік берді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу органы жоспарлы тергеу-жедел шараларын жүргізуде", - деді өңірдегі ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ жағдайға қатысты Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі де түсінік берген. Олар Меруерт Мадикенованың 6 қаңтар күні қызметінен өз еркімен кеткенін хабарлады.

Баспасөз қызметінің нұсқасы бойынша, бұған дейін соққыға жығылған ер адамның әкімдікте қызмет еткен туысы мен Мадикенованың арасында бірнеше жанжал болған.

Мадикенованың қарамағындағы қызметкер Әдеп кеңесіне де жүгінген. Кеңес ер адамның жағына шығып, одан әкім салған тәртіптік жазаны алып тастаған. Осыдан кейін де Мадикенова мен ер адамның арасындағы дау жалғасын тапты.

Зардап шегуші берген сұхбат жағдайдың шегіне жеткен болуы керек. 5 қаңтар күні Меруерт Мадикенова өз еркімен жұмыстан шығу туралы арыз жазды.

"6 қаңтардан 7-не қараған түні жоғарыда аталған мемлекеттік қызметкердің туысы соққыға жығылған, алдын ала ақпарат бойынша экс-әкімнің ұлы ұрған. Қарағанды облысының әкімдігі аталған оқиғаны талқылап, бұрынғы әкімнің ұлы осы іске қатысты болғанына ашуланған. Біз тергеудің жан-жақты әрі әділ жүргізілетініне сенімдіміз", - деді баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Алматы облысында дәмханада Жамбыл ауданы әкім орынбасарының қатысуымен төбелес орын алған еді. Орынбасар қызметтік тексеріс аяқталғанша уақытша жұмысынан шеттетілді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қарағанды облысында экс-әкімнің ұлы ер адамды топпен ұрды деп күдіктелуде