RU

Жомарт Ертаев ісі: Кезекті сот отырысында Игорь Мажинов жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда Жомарт Ертаев ісі бойынша сот жалғасуда. Кезекті отырыс 20 минутқа кешігіп басталды. Осыған байланысты судья Роман Селицкий ескерту жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жомарт Ертаев. Фото: "Алма ТВ" ЖШС

Жомарт Ертаев. Фото: "Алма ТВ" ЖШС

Адвокат сотталушылардың бірі Ибрагимнің қатты уланғандықтан лоқсып, басы айналғанын хабарлады. Сондықтан ол қайтадан Тергеу изоляторына жіберілді. Тағы бір айыпталушы Жақубаева ангинамен ауыратын болып шықты. Алайда, судья оны отырыстан босатқан жоқ. Келіншекке қатысты "кепіл" шарасы қабылданды.

Қалған сотталушылар өз орындарына жайғасты.

"Менің РБК банкіне қатысым туралы әңгіме 2012 жылы Директорлар кеңесінде акционерлер қатарына кіруден басталды. Ақша табу үшін бизнес модель ретінде банк қарастырдық. 2012 жылдың 1 желтоқсанында директорлар құрамына ендім. Оған дейін біз кездесіп, менің банкте кім болып қызмет атқаратынымды талқыладық.
Біз бизнесмендер ретінде акциялар пакетін қалай сатып алу керек екендігі жайлы сөйлестік. Менің мақсатым - банкты танымал ету, жаңа клиенттерді табу болды. Қазақстанда көбін білдім, сондықтан кез келген құрылымға кіріп кететін едім.
Осы банктың ұстаным маңыздылығын арттыру мен күшейту мақсатында көп адамдармен тіл табыстым",- деді Игорь Мажинов.

Ол банк жұмысына белсенді қатыспағанына, ақшалай қаражат беруге ықпал етпегеніне сендірді.

"Жанұямыз банктің акция пакетін сатып алды. Ол сол уақытта РБК Банкі еді, ребрендинг көктемде жасалды, ал мен ресми түрде РБК Банкі болғанда қызметке кірістім",- деді ол.
Сондай-ақ, Мажинов Ертаевпен жақсы қарым-қатынаста болғанын, бірақ екі жылдан аса уақыт байланыспағанын айтты. Олар Жомарт Ертаев Мәскеуге кеткеннен бері хабарласпаған.

"Банкте проблемалар басталды, біз оны қалай да шешуге тырыстық", -дейді Мажинов.

Сондай-ақ, сотталушы банкте акцияның 7 пайызын сатып алғанын, дәл сондай пакетті жұбайы мен Мажинов "жауап берген" "Қазақмыс" компаниясының тобы сатып алғанын хабарлады.

Ал Ертаев Мажиновпен тек банк жұмысы аясында достық әрі іскерлік қарым-қатынаста болғанын айтты. Ол Мажинов директорлар кеңесі мүшесі лауазымына 2012 жылдың 1 желтоқсанында емес, дәл сол жылдың 30 қарашасында сайланғанын түртіп өтті.

Кейін қайтадан Мажиновке сұрақ қойыла бастады.

"Мен кепілді несие алып, басқа несиені жабу үшін ұсындым. Несиенің кімге және неге берілгенін жете ұғындым. Ұлттық банктің банкке сұрағы көп болды. Банктің несие саясатына ешқашан араласқан емеспін. Мақсатым тек банкті дамыту болды. Ал несие берумен басқа тұлғалар тобы айналысты",- деді Мажинов.

Сондай-ақ, ол банк басқармасы төрағасы қызметіне 2014 жылы келгенін жеткізді.

Айтпақшы, Мажинов өзіне ұсынылған эпизодтардың бірінде кінәсін мойындаған жоқ.

Ал Ертаев Мажиновке несие бөлімінің төрағасы қызметін ұсына алмағанын, себебі ол екі қызметті бірдей алып жүре алмайтынын айта кетті.

Осыған дейін оңтүстік астанада бұрынғы қазақстандық банкир Жомарт Ертаев басты күдікті ретінде қаралып жатқан қылмыстық іске қатысты сот басталғанын хабарлағанбыз.

Ол ірі көлемде қаржы жымқырды деп күдіктелді. Бас прокуратураның баспасөз қызметінде хабарланғандай, Жомарт Ертаевқа Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлімі 1-тармағы (Қызметтік жағдайын пайдаланып, тұлғалар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену және ысырап ету арқылы жымқыру) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік тағылуда.

Алматыда мекемеаралық жедел-тергеу тобы экс-банкир әрі "Алма-ТВ" ЖШС-нің бас директоры Жомарт Ертаевты құрықтамақ болған. Алайда, Ертаев дер кезінде ізін суытқан.

2018 жылы мамыр айында банкирді ресейлік құзырлы орған өкілдері тұтқындаған болатын. Бірақ алаяқтық жасады деп айыпталып жатқан Ертаевты кейінірек босатып жіберген.

Биыл Қазақстанның Бас прокуратура қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан Жомарт Ертаевты экстрадициялады.

Алдыңғы сот отырысында Жомарт Ертаев өз кінәсін толық мойындады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жомарт Ертаев ісі: Кезекті сот отырысында Игорь Мажинов жауап берді
Mailfire view pixel