RU
Апта сайын қас жұлудан шаршаған бойжеткен тоғыз айда адам сенгісіз өзгерді

Апта сайын қас жұлудан шаршаған бойжеткен тоғыз айда адам сенгісіз өзгерді

Рассказать Вконтакте

18 жастағы даниялық бойжеткен қасын жұлу үшін аптасына бір рет косметологқа баруға мәжбүр болған. Сара Кларк бұлай жасамаған жағдайда ер азаматтардың өзіне деген назары болмайтынын түсінді. Алайда, ол 2019 жылдың наурызында ақшасы мен жүйке жүйесін сарп етпеу үшін қасын жұлдырудан бас тартқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Life.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: Instagram/_sarahmarieclark

Фото: Instagram/_sarahmarieclark

Ол шетелдік басылымға берген сұқбатында ерекше қасы туралы айтып берді.

"Мен қасымды өсіру туралы жоспарымды достарыма айтқанымда, олар бұған күмәнмен қарады. Өйткені, бұр расында біртүрлі болып көрінді", - деді 18 жастағы бойжеткен.

Сараның айтуынша, косметолоқа баруды тоқтатқан уақытта, қасының бет әлпетін қаншалықты өзгерте алатындығын аңғарған.

"Біріккен қас сіздің түріңізді түбегейлі өзгерте алады. Достарым менен, "ойыңды өзгертсең не болады" деп сұрады. Оларға: "Мен оны алып тастай саламын" деп жауап бердім", - деді даниялық ару.

Сара Кларк жігіттердің біріккен қасқа деген көзқарасын айтты.

"Үнемі желіде хат жазатын бір жігіт болды. Ол менімен кездесу үшін барлығына баратынын айтты. Одан бөлек, қырындап, танысқысы келетіндер бар", - деді ол.

Сара қазіргі уақытта Копенгаген қаласында тұрады.

Даниялық ару желідегі парақшасына жиі суреттер салып, оқырмандарымен тығыз байланыс орнатады.

Бойжеткен косметологқа апта сайын барған кезедегі келбетін көрсетуді де ұмытпайды.

Еске сала кетсек, осыған дейін қыздардан қалыспай боянатын әлемге әйгілі ер адамдар туралы жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
2
9
1
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel