Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Жүнісова желіде Заманбек Нұрқаділовпен түскен суреттерімен бөлісті (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Мақпал Жүнісова желіге марқұм жолдасы Заманбек Нұрқаділовпен түскен суреттерін жүктеді. Қазақстандық эстраданың жұлдызы танымал саясаткердің бұрын-соңды жарияламаған фотоларын ел назарына паш еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/zhunusova.makpal. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/zhunusova.makpal. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Жүнісова отбасылық мұрағаттағы суреттермен Instagram желісіндегі ресми парақшасында бөліскен. Онда әншінің Нұрқаділовпен бірге түрлі шараларда жүргенін көруге болады.

Фотолардың бірінде ерлі-зайыптылар белгілі бір концерт кезінде қол шапалақтап отыр.

Өнер иесінің марқұм жолдасымен түскен суреттерін желіге жүктегеніне қарағанда, оған деген сағынышы әлі де басылмаса керек.

Айта кетейік, Заманбек Нұрқаділов 2005 жылдың 12 қарашасында қайтыс болды. Белгілі саясаткердің жансыз денесі өз үйінде табылды. Анықталғандай, оның денесінде үш оқ жарақаты болған. Орын алған оқиғаның ресми нұсқасы бойынша, ол өз-өзіне қол салған.

Оған қоса, "Бауыржан шоу" театрының негізін қалаушысы Бауыржан Ибрагимов жақында Аман Тасығанға берген сұхбатында Нұрқаділовпен қарым-қатынасы туралы жан сырын ақтарған болатын.

Танымал әзілкеш оны нағыз батыр мінезді азамат ретінде есінде сақтап қалғанын жасырмады. Актердің сөзінше, Заманбек шынайылықты жаны сүйетін тұлға болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1835522-makpal-znisova-zelide-zamanbek-nrkadilovpen-tsken-suretterimen-blisti/

pixel