Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйел адам өзінің жерлеу рәсімінде тіріліп кетті

Опубликовано:

Үндістанның Карнатака штатындағы жерлеу рәсімінде әйел адам о дүниеден қайтып келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ipne.ws басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Басылым мәліметінше, 55 жастағы Малати Чаугули ауруханаға ыстығы көтеріліп түскен. Кейінірек ол есінен танып қалыпты.

Дәрігерлер науқастың жанын аман алып қалу үшін бірнеше сағат бойы күрескен. Алайда бұдан еш нәтиже шықпады.

Осылайша, медициналық мекеменің қызметкерлері есін жимаған Чаугулиді амалсыздан "өлді" деп санаған екен.

Марқұмның туыстары әйелдің мәйітін жерлеу үшін ауылына алып барды.

Жақындары әйелдің денесін үйдің алдына қойып, қоштасу рәсіміне дайындыққа кіріскен. Дәл сол сәтте ол көзін ашып, орнынан тұрып кеткен.

Қоштасу рәсіміне келгендердің барлығы әйелдің өлмегенін, оның комада болғанын түсінсе, қалғандары мұны таңғажайып оқиғаға балауда.

Еске сала кетсек, Үндістанда осыған ұқсас жағдай орын алған. 55 жастағы фермер жерлеу рәсімі кезінде тіріліп кетті.

Сондай-ақ, Ирландия қарулы күштерінің ардагері Шей Брэдлиді жерлеуге келген жақындары қабірден дауыс естіп, күлкілерін тыя алмаған.

Одан бөлек, Үндістанның Раджастан штатында ерекше қыз бала дүниеге келді. Нәрестенің төрт аяғы мен үш қолы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1835529-jel-adam-zini-zerleu-rsiminde-tirilip-ketti/

pixel