RU
Петропавлда 52 жастағы азамат тұрғын үйдің 10-қабатынан секіріп кетті

Петропавлда 52 жастағы азамат тұрғын үйдің 10-қабатынан секіріп кетті

Рассказать Вконтакте

Петропавлда 1967 жылы туған азамат тұрғын үйдің 10-қабатынан секіріп кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: dzertv.ru

Көрнекі фото: dzertv.ru

Оқиға 7 қаңтарда болған. Дәл сол күні полицияға Петропавлдағы Жуков көшесінде орналасқан көпқабатты үйден ер азамат құлап кеткені туралы ақпарат келіп түскен.

"Суицидті көрші тұрғын үйдің 1967 жылға тұрғыны жасады. Қазіргі уақытта аталған факті Сот алды тергеу жұмыстарының Бірыңғай тізіліміне енгізілді", - дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мажина Балғашұқова.

Ведомствоның баспасөз қызметінде мәлім еткендей, қазір өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сот алды тексеру жұмыстары басталды. Тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде кішкентай қыз баланың биік ғимараттың бесінші қабатындағы жақтауда ары-бері жүгіріп жүрген видеосы пайда болды. Қауіпті көріністі камераға көрші үйдегі ер азамат түсіріп алып, болған оқиғаны күзетшілерге айтқан.

Келеңсіз жағдай Тенериф аралындағы Адехе демалыс аймағында болған.

Басылым мәліметінше, қыз бала бесінші қабаттың жақтауында жүргенде, оның ата-анасы душ қабылдап жатқан.

Желіде тараған видео көпшіліктің үрейін ұшырды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel