RU
Жемқорлыққа қарсы қызмет шенеуніктердің миллиондаған сыйақыларына қатысты пікір білдірді

Жемқорлыққа қарсы қызмет шенеуніктердің миллиондаған сыйақыларына қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Әдептілік департаментіне жетекшілік ететін Данияр Сабырбаев шенеуніктердің айлық табысы мен жоғары сыйақылары туралы журналистер қойған сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

БАҚ өкілдері Сабырбаевқа Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары өткен жылда 2,5 млн теңге сыйақы алғанын айтты.

Айта кетсек, ол мұндай жоғары лауазымға екі жыл бұрын, 2018 жылдың қаңтарында тағайындалған. Журналистер осы тұста Жемқорлыққа қарсы қызметтің аталған мәселеде қандай позиция ұстанатынын сұраған.

Оған жауап ретінде Сабырбаев мемлекеттік қызметкерлердің жоғары жалақысы еліміздің жетістіктерінің бірі деп жауап берген. Оның айтуынша, бұл мақтануға тұрарлық жайт.

Спикер министрліктің өз қызметкерлерін осылайша ынталандыратынына қуанышты екенін жеткізген.

Сабырбаев шенеуніктің үлкен сыйақысын оның министрліктегі жауапты қызметімен байланыстырған.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау блогы және әскер тиісті деңгейді қаржыландырылуы керек. Қызметкерлердің лайықты жалақысы болуы тиіс.

Спикердің айтуынша, осылайша жемқорлыққа қарсы әрекет етуге болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін америкалық БАҚ беттерінде Қазақстандағы ең бай әйел адамның есімі аталған еді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel