RU

Шэрон Стоун Трампты сынға алып, Путинді өз елінің мықты көшбасшысы деп атады

Америкалық актриса Шэрон Стоун GQ журналына берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ көшбасшысы Дональд Трампты салыстырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Шэрон Стоун. Фото: east news
Шэрон Стоун. Фото: east news: Facebook

Оның пікірінше, екі саясаткер бір-бірінен қатты ерекшеленеді. Айтуынша, Путин әрдайым өз елінің мүддесін басшылыққа алатын мықты көшбасшы.

"Путинді өз елінің мықты көшбасшысы деп есептеймін. Алайда, оның менің елімді басқарғанын қаламас едім", – дейді Шэрон Стоун.

Ал Трампты ол өз лауазымын құрметтемейтін еліктеуші деп атады.

"Трамп басқа мемлекет басшыларына манипуляция жасайды. Ол еліктеуші", – деп сынады актриса өз елінің президентін.

Ол сондай-ақ Трамптың 2020 жылы қайта сайланатынына күмән келтірді.

Еске сала кетейік, бұған дейін тағы бір Голливуд жұлдызы Роуз Макгоуэн генерал Касем Сулейманидің америкалықтардың қолынан қаза тапқаны үшін Ираннан кешірім сұраған болатын.

Макгоуэн америкалықтардың 52 пайызы кешірім сұрап, бейбітшілікті қалайтынын, олардың террористік режимнің тұтқынында екенін жеткізді.

Актриса Сулейманиді "зұлым адам болған" деп есептейді. Алайда, ол АҚШ-тың әрекетін қолдап отырған жоқ. Айтуынша, АҚШ "моральдік тұрғыда жемқор және заңсыз әрекет етеді".

Ол сондай-ақ АҚШ республикалық партиясының тіркелген мүшесі екенін еске салып, "Клинтондарды да, Трампты да жек көретінін" алға тартты.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1835550-seron-stoun-trampty-synga-alyp-putindi-z-elini-mykty-ksbassysy-dep-atady.html