RU
Петропавлдық ару түрмеде отырған сүйіктісіне тұрмысқа шықты (фото)

Петропавлдық ару түрмеде отырған сүйіктісіне тұрмысқа шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Петропавлдық бойжеткен түрмеде жазасын өтеп жатқан азаматқа тұрмысқа шықты. Неке қию рәсімі ЕС-164/3 түзету мекемесінде өткен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Azattyq Rýhy cайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жас жұбайлар. Фото: Azattyq Rýhy

Жас жұбайлар. Фото: Azattyq Rýhy

Күйеу жігіт 2019 жылдың қыркүйек айында тонау фактісі үшін екі жылға абақтыға жабылған. Ал қалыңдық сүйіктісінің бостандыққа шығуын күтпеуді жөн санаған екен. Екі жастың неке қию рәсімін өткізу үшін түзету мекемесіне облыстық АХАЖ қызметкері шақыртылыпты.

"Салтанатты жағдайда АХАЖ қызметкері сотталған Е. Мен оның қалыңдығының отбасылық одағын тіркеп, "Неке қию туралы" куәлікті табыс етті. Бұл өз кезегінде кез келген адамның, әсіресе сотталған адамның маңызды қадамдарының бірі деп ойлаймын. Атап айтқанда, неке қию рәсімі оң өмір салтын жүргізуге ұмтылу, жасақ пен мекеме өміріне белсенді қатысу және жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзуға жол бермеуге оң әсерін тигізеді", - дейді СҚО бойынша ҚАЖД бастығының уақытша міндетін атқарушы әділет полковнигі Рустан Ахметжанов.

Жазасын өтеуші 2021 жылы бостандыққа шығады. Ал қалыңдығы сол сәтті асыға күтуде. Екі жас неке қию дәстүріне сай бір-біріне адал болуға уәде берді.

"Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЕС-164/3 мекемесінде сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге, атап айтқанда сотталғанды бас бостандығынан айыру орындарынан қоғамға ауыртпалықсыз қайтаруға бағытталған жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Сондықтан, жұмыспен қамту орталығымен, пробация қызметімен бірлесіп сотталғандардың туыстық және әлеуметтік-пайдалы байланыстарын қолдау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Неке қию рәсімі – солардың бір парасы", - дейді СҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Мадина Ерғалиева.

2019 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы түзету мекемелерінде 13 неке қию рәсімі өткізілген.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Атыраудағы түрмеде қос ғашықтың үйлену тойы өтті. Жазасын өтеп жатқан қалындық сөз байласқан жігітіне тұрмысқа шықты.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel