RU

Боб Арум өткен "онжылдықтың үздік боксшысын" атады

Telegram logo VKontakte logo

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум өткен онжылдықтың үздік боксшысын атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ vringe.com сайтына сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/mannypacquiao

Фото: instagram.com/mannypacquiao: Instagram

Manila Times басылымына берген сұхбатында аты аңызға айналған промоутер қазіргі сәтте бұл тұрғыда өзінің бұрынғы клиенті, 41 жастағы филлипиндік Мэнни Пакьяоға (62-7-2, 39 КО) тең келетін боксшы жоқ екенін жеткізді.

"Онжылдықтың үздік боксшысы? Мэнни Пакьяо дер едім. Себебі ол жүйелі түрде жекпе-жекке шығып, барлығымен жұдырықтасты. Майвезердің ұзақ жылдар бойы жекпе-жекке шығуға батылы жетпей келген жалғыз боксшы – Пакьяо. Сондай-ақ ол спортқа қамқорлық жасап келген адам. Тіпті, оған бәсекелес болатын адам бар деп ойламаймын.
Онжылдықтың үздік боксшысы ретінде Мэнниге тең келетін ешкім жоқ және де Мэнни Пакьяо әлі күнге дейін жұдырықтасып келеді – маңыздысы осы. Әрине, ол онжылдықтың үздік боксшысы және осы спорттың аты аңызға айналған тұлғаларымен қатар тарихта қалады", – деп атап өтті Боб Арум.

Айта кетейік, Канаданың Netboxe.com басылымы 2019 жылды қорытындылап, соған сәйкес, қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов "Жыл жаңалығы" атанды.

Шетелдік басылым 21 жастағы қазақстандық боксшы, бірінші орта салмақтағы BC Asia және WBC Youth World чемпионы Садриддин Ахмедовты жыл жаңалығы номинациясына лайық деп тапқан.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Боб Арум өткен "онжылдықтың үздік боксшысын" атады