RU

Bek Air ұшағының апатқа ұшырау себебінің негізгі нұсқасы аталды

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы әуе апатының себебін анықтайтын арнайы комиссияны басқаратын Роман Скляр қайғылы жағдайға себепкер болуы мүмкін бірнеше нұсқаны атады. Дегенмен адам шығыны болған апатқа негізгі себеп - әуе кемесіне мұз қату болуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ІІМ ТЖК

Фото: ІІМ ТЖК

Талдау деректері бойынша, ұшу процесі кезінде авиациялық техника мен қозғалтқыштың штаттан тыс жұмыс жүйесі істен шықпағаны анықталған.

Ұшақтың құлауына себеп болуы мүмкін екі нұсқа алынып тасталды:

1. Әуе кемелерін коммерциялық тиеу және орталықтандыру кезінде заң бұзушылықтар болмаған;

2. Жолақтағы жел тұрақты болды, ілеспе із осы жағдайларда жолақтың сол жағына жылжыды және ерекше жағдайдың дамуына әсер ете алмады.

Комиссия басқа нұсқалармен жұмыс істеуді жалғастыруда.

"Осылайша, әуе кемесіне мұз қату - негізгі нұсқа болып отыр", - деп хабарлады премьер-министрдің орынбасары.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Оқиға салдарынан 12 адам қаза тауып, 49 адам әртүрлі жарақат алған еді.

28 желтоқсанда президенттің жарлығымен елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Сондай-ақ бүгін балалар омбудсмені Аружан Саин Алматыда 27 желтоқсан күні болған әуе апаты кезінде зардап шеккен балалар мен олардың ата-аналары туралы айтып берді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Bek Air ұшағының апатқа ұшырау себебінің негізгі нұсқасы аталды
Mailfire view pixel