RU
Жуков Қазақстан туралы пікірі үшін жазалануы мүмкін

Жуков Қазақстан туралы пікірі үшін жазалануы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана Польша футбол клубына ауысқан жартылай қорғаушы Георгий Жуков әлеуметтік желідегі жазбасы үшін Қазақстан ұлттық құрамасының сапынан шығарылуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Георгий Жуков. Фото: today.kz

Георгий Жуков. Фото: today.kz

Бұған дейін Instagram желісінде польшалық БАҚ өкілдеріне берген сұхбаты жайында оқырмандарының сұрақтарына жауап бере отырып, Жуков былай деп жазған болатын:

"Қазақстанда болғанымда менімен үнемі шетел азаматына сай қарым-қатынас жасайтын. Жергілікті футболшыларға көрсетілетіндей қолдау мен құрмет болған жоқ. Қазір қайтадан Еуропаға келдім. Енді бірден патриот болып, елімді жарнамалауым керек пе? "Қайратқа" алғысымды білдіремін. Мені қолдаған адамдарға алғыс айтамын. Қазақстанда мені шетелдік деп есептеді.
Жаттықтырушылар (қазір Шпилевский туралы айтып отырған жоқпын) саған қазақ ретінде қарап, ал қазақтар сені легионер ретінде көрсе, мұндай жағдайда өмір сүру қиын. Бұл өте қиын жағдай. Маған оңай болған жоқ. Қазақстанда қоғам, журналистер, мамандар, комментаторлар және басқалары тарапынан ешбір елеушілік болған жоқ. Қазақстанда болмағандаймын".

Жуковтың бұл мәлімдемесі интернетте кеңінен таралып, оған Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин жауап берді.

"Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуковтың мәлімдемесі кеңінен таралды.
Біз міндетті түрде онымен кездесіп, сөйлесеміз. Егер Жуков сөздерін растаса, сәйкес шешім қабылданады. Ұлттық құрамада тек еліміздің намысын қорғауға және оның патриоты болуға деген ынтасы тасыған футболшылар ғана ойнау керек деп есептейміз", – дейді Айтқожин.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков польшалық "Висла" командасына ауысып, аталған клубтың ең қымбат футболшысы атанғанын хабарлағанбыз.

Сіздің реакцияңыз
11
0
5
0
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel