Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы әйгілі "Сарыарқа" базары сүрілетін болды

Опубликовано:

Алматыдағы "Сарыарқа" базары жақын арада сүріледі. Ал оның орнына заманауи сауда орталығы бой көтермек. Нысанды сүру жұмыстары жоспарға сәйкес 2020 жылы қаңтар айының ортасынан басталуы тиіс деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos

Sputnik Қазақстан мәліметінше, БАҚ өкілдеріне сүруді бастау жайында ақпаратты базар әкімшілігі ұсынған. Олардың сөзінше, қазіргі кезеңнен кейін азық- түлік өнімдерін сатумен айналысатын бөлімді сүру жұмыстары кезекте тұр және ол шамамаен 2021 жылы басталады.

Жұмыс аяқталғаннан кейін сүрілген киім-кешек сататын сектордың орнына бірден үлкен сауда үйі салына бастайды.

"Сарыарқа" базары қазіргі жерде (Ұлықбек пен Алтынсарин көшелерінің қиылысы) 45 жыл бұрын пайда болған.

Әуезов ауданындағы ең ескі және арзан базар дәстүрлі түрде екі "бөлікке" бөлінген. Оның алғашқысында азық-түлік пен фермерлік өнімдер сатылса, екінші бөлімінде ойыншықтар, киімдер мен басқа да қажетті заттар бар.

Одан бөлек, "Сарыарқа" кинотеатрына шығар тұста келушілерге жылдам тамақтанып алуға арналған киоскілер мен кафелер орналасқан.

Еске салсақ, базардың сүрілуі жайлы алғаш рет 2018 жылы айтылған еді. Оңтүстік астана әкімдігі халық арасында танымал базарды қайта құрастырып, сауда жасауға қолайлы жағдайы, жерасты паркингі бар орталық салу туралы жоспарымен бөліскен болатын.

Айта кетейік, 2019 жылдың желтоқсанында Алматыдағы тағы бір ескі сауда орны- Никольск базары сүрілетіні хабарланған еді.

Тарихи базарды сүру жұмыстары 2020 жылдың 1 қаңтарында басталуы тиіс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835578-almatyda-saryarka-bazary-sriletin-boldy/

pixel