RU
Bek Air өз ұшуларын белгісіз мерзімге тоқтатты

Bek Air өз ұшуларын белгісіз мерзімге тоқтатты

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық Bek Air компаниясы өз ұшуларын белгісіз мерзімге тоқтатты. Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр аталған әуе тасымалдаушының рейстеріне билет алу қауіпті екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазіргі уақытта әуе тасымалдаушысын тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Роман Склярдың айтынша, ұшағы құлаған компанияны тексеру барлық қажетті негіздер болған кезде аяқталады.

Шенеунік компания қызметі тек белгісіз уақытқа тоқтатылғанын хабарлады.

Премьер-министрдің орынбасары Bek Air рейстеріне бұрын сатып алынған билеттерге қатысты да пікірін білдірді. Ол әуе компаниясы азаматтық-құқықтық қатынастарды ұстануы тиіс деп есептейді. Склярдың сөзінше, Қазақстанда сот пен заңмен бекітілген ережелер бар.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

28 желтоқсанда президенттің жарлығымен елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Балалар омбудсмені Аружан Саин Алматыда 27 желтоқсан күні болған әуе апаты кезінде зардап шеккен балалар мен олардың ата-аналары туралы айтып берді.

Сондай-ақ, бүгін Алматыдағы әуе апатының себебін анықтайтын арнайы комиссияны басқаратын Роман Скляр қайғылы жағдайға себепкер болуы мүмкін негізгі нұсқаны атады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel