Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік шоумен үйлену тойын Мальдив аралында өткізді (видео)

Опубликовано:

Артур Пирожков деген сахналық атпен өнер көрсететін ресейлік әзілкеш, әнші және актер Александр Ревва үйлену тойын Мальдив аралында өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/angelikarevva
Фото: instagram.com/angelikarevva: Instagram

Шоумен некелесу рәсімінің видеосын өзінің Instagram парақшасында жариялады.

"Ол берілуге шешім қабылдады, билеп, оны сүйіп, таңға дейін онымен қалуды шешті", – деп жазлы ол.

Кейінірек оның жұбайы, дизайнер Анжелика Ревва әлеуметтік желіде пост жазып, бірнеше фото жариялады.

"Мен осымен төртінші рет сенің әйелің болып отырмын", – деп жазды Анжелика.

Сондай-ақ салтанатты шараға жас жұбайлардың екі қызы – он үш жасар Алиса мен он алты жастағы Амелия қатысты.

Айта кетейік, қазақстандық шоу-бизнестегі жұрт қызығар жұлдызды жұптардың бірі Бүркіт пен Аишаның ұлының туған күніне ерекше тосын сый дайындағанын жазған едік.

Сондай-ақ қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының бірі Мадина Сәдуақасова осы жолы жаңа жылды өзге елде қарсы алуды ұйғарғанын хабарлағанбыз. Өнер иесі 2020 жылды отбасымен бірге Малайзияда тойлаған. Әнші қыс кезіндегі мейрамда жылы жаққа аттанып, демалып қайтқысы келген.

Сонымен қатар, жақында Жаңа жылдан кейін шетелге демалысқа аттанған жұлдыздар туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1835621-resejlik-soumen-jlenu-tojyn-maldiv-aralynda-tkizdi-video/

pixel