RU
Иранда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктері көрсетілді (видео)

Иранда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктері көрсетілді (видео)

Рассказать Вконтакте

Иран билігі 8 қаңтарда Тегеран түбінде апатқа ұшыраған украиналық лайнердің қара жәшіктерінде сақталған деректерді зерттеуді бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Фото : regnum.ru

Фото : regnum.ru

Иран азаматтық авиация ұйымы оқиғаларды тергеу бөлімінің басшысы Хасан Резайефар мәлім еткендей, борттағы өздігінен жазу құралдары бүгін ашылады. Сонымен қатар, қара жәшіктер көрсетілген видео жарияланды.

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, құрылғыларда сақталған ақпараттарды зерттеуге украиналық сарапшылар тартылуы мүмкін.

Бұған дейін белгілі болғандай, борттағы қара жәшіктердің екеуі де табылған. Алдын ала деректерге қарағанда, олар қанағаттанарлық жағдайда.

Айта кетейік, Иран азаматтық авиация ұйымының басшысы Али Абедзаде Тегеран түбінде құлаған украиналық ұшаққа зымырандық шабуыл жасалмағанын алға тартқан еді. Шенеунік бұл нұсқаны "ақылға қонымсыз" деп тапқан.

Алайда, АҚШ пен Ирак барлау қызметінің өкілдері сәрсенбі күні Тегеранда апатқа ұшыраған украиналық лайнерді Иранның зениттік зымыран жүйелері қателесіп атып жіберуі мүмкін екенін жеткізген.

Сондай-ақ украиналық лайнерге зымыран тиюі мүмкін екенін болжайтын видео жарияланды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel