Выйти
RU

БАҚ: Қазақстандық студенттер Ресей жазушысының ұлын ұрып-соқты деп күдіктелуде (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейдің сатирик-жазушысы Михаил Жванецкийдің ұлын біреулер рождестволық кеште соққыға жыққан: аталған оқиға бойынша екі қазақстандық студент күдіктелуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Күдіктілер. Фото: kp.kz

Күдіктілер. Фото: kp.kz

Сатириктің 24 жастағы ұлы мен оның жолдасын белгісіз біреулер соққыға жыққаны туралы БАҚ өкілдері 8 қаңтарда хабарлаған. Шабуыл Рождество мерекесі қарсаңында жасалды.

Белгілі болғандай, жәбірленушілерге бейтаныс үш адам Мәскеудегі мейрамхана маңында күш көрсеткен. Төбелес бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Оқиғадан зардап шеккен екі жігіт ауруханаға жеткізілді. Алайда, жазушының баласы қатты жарақат алмаған көрінеді. Ал оның досы медициналық мекемеге жатқызылған.

Бүгін полицияның күдіктілердің ізіне түскені белгілі болды: "Комсомольская правда" басылымының мәліметінше, күдіктілердің екеуі Қазақстаннан келген, олар Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенттері.

Төбелестен бөлек, жігіттер ақша мен қол сағатын ұрлады деген күдікке ілінген.

Күдіктілердің бірі өз кінәсін мойындап, қазіргі уақытта оның уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды. Екіншісі ешқайда кетпеу туралы тілхатпен босатылған.

Олардың айтуынша, оқиғаға мастықтан туған жанжал себеп болған.

Ресейдің құқық қорғау органдары төбелесті кім бастағанын анықтап жатыр.

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БАҚ: Қазақстандық студенттер Ресей жазушысының ұлын ұрып-соқты деп күдіктелуде (видео)