RU
Заңгер: тағы төрт қалада әуежай маңында заңсыз құрылыс нысандары бар

Заңгер: тағы төрт қалада әуежай маңында заңсыз құрылыс нысандары бар

Рассказать Вконтакте

Bek Air ұшағының апатқа ұшырауына байланысты құрылған үкіметтік комиссия жұмыстың алғашқы қорытындыларын жариялағаннан кейін, әуежай маңындағы жер телімдерінің заңсыз берілуіне қатысты тергеу басталған болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері заңсыз қызмет көрсетілуіне нақты қандай лауазымды тұлғалардың қатысы барын анықтайтын болады. Мәселе Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты көтеріліп отыр.

Заңгер Бақытжан Базарбек Алматыдан бөлек, еліміздің қай қалаларында әуежай маңында заңсыз құрылыс нысандары болуы мүмкін екенін айтып берді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, Шымкент, Тараз, Ақтөбе және Атырау қалаларындағы әуежай маңдарында тұрған үйлер заңсыз салынған болуы мүмкін.

Заңгер Атырау мен Ақтөбе облыстарында әуе айлағы маңынан жер телімдері берілгенін атап өтті. Айтуынша, Ақтөбеде құрылыс жүргізуге болмайтын аудандарда тіпті, көпқабатты үйлер де тұрғызылған. Ол аталған аймақтарда құрылыс ережелерінің өрескел бұзылғанын алға тартуда.

Бақытжан Базарбек атап өткендей, Шымкенттегі әуежай маңында жекежайлар, ал Таразда жылыжайлар бар.

Сондай-ақ ол аталған мәселе бойынша еліміздің басқа да бірқатар қалалары тексеріліп жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, 27 жетоқсанда Алматы маңындағы әуе апатының мән-жайын анықтау үшін құрылған үкіметтік комиссия BekAir ұшағының апатқа ұшырау себебінің басты нұсқасын атады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel