RU
Абаев тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаның қалай күшейтілгенін түсіндірді

Абаев тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаның қалай күшейтілгенін түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаға енгізілген түзетулер туралы пікірін білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дәурен Абаев. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Дәурен Абаев. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Министр "Хабар" телеарнасындағы "Ашық диалог" бағдарламасы барысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапкершіліктің күшейтілгенін атап өтті. Айтуынша, егер бір ғана бапқа назар аударып қоймай, аталған мәселені егжей-тегжейлі зерттеп қарасақ, енгізілген өзгеріс арқылы жауапкершіліктің қалайша күшейтілгенін байқауға болады.

Абаев айыппұлдың не себепті алынып тасталғанын түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, бұл жағдай өмірден алынған. Әйелінің атынан арыз түскен күйеуі айыппұл төлейтін ақшаны отбасынан алады. Ең сорақысы, сол ақшаны арыз түсірген әйелінің қалтасынан да алуы мүмкін.

Сондай-ақ министр айыппұлды алмастырған ескертудің белгілі бір жағдайларға байланысты екенін жеткізді. Мәселен, егер жағдай соны талап етсе, сот зорлық-зомбылық көрсеткен күйеуін 15 тәулікке қамай алады. Ал бұндай жағдай тағы да қайталанса, ол 20 тәулікке қамалады.

Бұған қоса, Абаев "Азаптау" бабының жекеден жеке-қоғамдық санатқа ауыстырылғанын атап өтті.

Бұдан былай тұрмыстық зорлық-зомбылықты дәлелдеу міндеті жәбірленушіге ғана емес, полицияның да мойнына артылатыны белгілі болды. Сондай-ақ сотта жәбірленушіні мемлекет тарапынан прокурор қолдайды.

Сондай-ақ министр ұрып-соғу мен денсаулыққа жеңіл зиян келтірген үшін санкциялардың қалай өзгергенін айтып берді.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтардың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға өткен жылдың соңында енгізілген түзетулерге наразылық білдіргенін жазғанбыз. Оған сәйкес денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін айыппұл ескертуге ауыстырылған.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel