Выйти
RU

Иран билігі украиналық ұшақты байқаусызда атып түсіргенін мойындады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Иран бортында 176 жолаушы мен 9 экипаш мүшесі болған Украинаның Boeing 737 ұшағын байқаусызда атып түсіргенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: obltv.ru

Көрнекі фото: obltv.ru

Иранның Әуе қорғаныс күштері қызметі өз мәлімдемесінде әскерилері украиналық ұшақты әдейі емес, байқаусызда атқанын атап өткен.

Билік болған оқиғаның себебін "адами қателік" деп атады.

Еске сала кетейік, АҚШ пен Ирак барлау қызметінің өкілдері сәрсенбі күні Тегеранда апатқа ұшыраған украиналық лайнерді Иранның зениттік зымыран жүйелері қателесіп атып жіберуі мүмкін екенін жеткізген.

Украина президенті Владимир Зеленский аталған нұсқаны жоққа шығармайтынын мәлімдеген. Оның айтуынша, Киев оқиғаға байланысты төрт нұсқаны қарастырған: зымыран тию мүмкіндігінен бөлек, қозғалтқыштың жарылуы, дронмен соқтығысу және бортта теракт болуы.

Ұшаққа зымыран тию мүмкіндігін сондай-ақ, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо және Британия үкіметінің басшысы Борис Джонсон да мәлімдеген болатын.

Алайда Иран азаматтық авиация ұйымының басшысы Али Абедзаде Тегеран түбінде құлаған ұшаққа зымыран тиюі мүмкін нұсқаны жоққа шығарған еді.

Айта кетейік, украиналық лайнерге зымыран тиюі мүмкін екенін болжайтын видео да жарияланған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Иран билігі украиналық ұшақты байқаусызда атып түсіргенін мойындады