Выйти
RU

"Жау нысаны деп қабылдаған": Иран украиналық ұшақты байқаусызда атып құлату себебін түсіндірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Иран қарулы күштерінің Бас штабы Тегеран маңында құлаған украиналық ұшақты елдің Әуе қорғаныс күштері қалай қателесіп атып түсіргенін түсіндіріп өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ирна агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: jam-news.net

Фото: jam-news.net

Бас штаб мәлімдемесінде ұшақ апаты АҚШ-тың Ирактағы базасына зымыран соққылары жасалғаннан кейін бірнеше сағаттан кейін болғанын атап өтті.

Соққыға жауап ретінде АҚШ тарапы қарсы жауап қайтыру мүмкін еді, себебі сол күні әуеде америкалық әскери ұшақтардың қарасы көбейген.

Бұл өз кезегінде Әуе қорғаныс күштерінің алаңдаушылығының тудырған.

"Адами қателіктің салдарынан байқаусызда осы ұшақ атып түсіріліп, өкінішке орай отандастарымыз бен шетел азаматтары қаза болды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар мәлімдемеде апат болған лайнер ұшу кезінде Ислам революциясы күзет корпусының маңызды әскери нысандарының біріне жақын жерде болғаны, сондай-ақ пішіні мен ұшу биіктігі жау нысанын еске салғаны айтылған.

Айта кетейік, бұған дейін Иран бортында 176 жолаушы мен 9 экипаш мүшесі болған Украинаның Boeing 737 ұшағын байқаусызда атып түсіргенін мәлімдеген еді.

Еске сала кетейік, АҚШ пен Ирак барлау қызметінің өкілдері сәрсенбі күні Тегеранда апатқа ұшыраған украиналық лайнерді Иранның зениттік зымыран жүйелері қателесіп атып жіберуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Жау нысаны деп қабылдаған": Иран украиналық ұшақты байқаусызда атып құлату себебін түсіндірді