Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысына зымыран сынығы құлаған (фото)

Опубликовано:

Таяуда Ақтөбе облысының территориясына аспаннан белгісіз металл бөлшек құлаған. Бұл жайтқа қатысты еліміздің қорғаныс министрлігі пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Куәгерлерден
Фото: Куәгерлерден: Depositphotos
"2020 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан мен Ресей арасындағы 1995 жылғы мемлекетаралық келісімге сәйкес ҚР аумағындағы полигонды жалға алған РФ Қорғаныс министрлігі сынақ орталығының жоспарлы оқу-жаттығулары уақытында бір зымыран сынығының белгіленген орындардан тыс жерге құлауы орын алды. Жарылыс болған жоқ.
Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы зымыран сынығы құлаған аумақта зардап шеккендер мен қираулар жоқ. Тұрғындар үшін жағдай қауіпті емес. Қазақстан Республикасының аумағында объектілерді пайдалана отырып, зымырандарды ұшыру оқу-жаттығуларды өткізудің жылдық жоспарына және кестесіне сәйкес жүргізілді.
Оқиға орнында ҚР ІІМ ТЖК қызметі жұмыс істеуде, полиция қызметкерлері зымыран сынығы құлаған ауданды оқшаулады. Осы келісімге сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы Қазақстан-Ресей комиссиясы мән-жайды және себептерді анықтауды жүргізетін болады", - делінген ведомство хабарламасында.
Фото: Куәгерлерден
Фото: Куәгерлерден: UGC

Айта кетейік, бұған дейін өңірде қардан ерекше мүсіндер жасайтын көпбалалы әке туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1835665-aktbe-oblysyna-zymyran-synygy-klagan-foto/

pixel