RU
Тоқаев елді 50 жылға жуық билеген Оман сұлтанының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Тоқаев елді 50 жылға жуық билеген Оман сұлтанының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидке көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қабус бен Саид. Фото: arabi21.com

Қабус бен Саид. Фото: arabi21.com

Президент Оман Сұлтаны Қабус бен Саидтың қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қабус бен Саид өз өмірін Оман мен оның халқының мүддесін қорғауға, аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға риясыз арнады. Қазақстан халқы Сұлтан Қабусты парасатты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, көрнекті мемлекет қайраткері, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады. Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан бүкіл Оман халқының орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын", – делінген жеделхатта. 

Еске сала кетейік, Оман сұлтанатын 1970 жылдан беріп басқарып келе жатқан Қабус бен Саид 10 қаңтар жұма күні кешкісін 80-ге қараған шағында өмірден өтті.

Ол соңғы жылдары ауыр дертке шалдығып, Германияда ем қабылдап жүрген.

Осыған сәйкес, елде үш күн аза тұту күні болып жарияланды. Бұл уақытта сұлтанатта ешқандай қоғамдық, жекеменшік мекемелер мен ұйымдар жұмыс істемейді.

Ал сұлтанды ақтық сапраға шығарып салу рәсімі сенбіге белгіленген.

Айта кетейік, Қабус бен Саидтың баласының болмауына байланысты артынан ешқандай мұрагері қалмаған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel