RU
Тоқаев: Иран билігінің әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауы - маңызды шешім

Тоқаев: Иран билігінің әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауы - маңызды шешім

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Иран билігінің 180 адамның өмірін қиған әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев: Иран билігінің әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауы - маңызды шешім

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

"Иран билігінің бірқатар мемлекет азаматтарының өмірін қиған әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауы - маңызды шешім болды. Бейбіт азаматтарды да құрбан қылатын шиеленісті бәсеңдету үшін, қалыптасып отырған жағдайда барлық тараптар ұстамдылық танытуы керек", - деп мәлімдеді мемлекет басшысы өз жазбасында.

Естеріңізге сала кетсек, сала кетейік, бұған дейін Иранның әуе қорғаныс күштері 8 қаңтар күні Украинаның Boeing 737 ұшағын қателесіп атып түсіргенін мәлімдеген еді.

Иран қарулы күштері Бас штабының мәліметінше, бұған "адамның қателігі" себеп болған. Әуе кемесі маңызды әскери нысанның қасынан ұшып, оны байқаусызда жаудың ұшағы деп қабылдаған.

Сіздің реакцияңыз
1
3
0
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel