Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иран басшысымен сөйлескен Зеленский Украина халқына үндеу жасады

Опубликовано:

Украина президенті Владимир Зеленский Тегеранда украиналық ұшақтың құлауына байланысты болған жағдайлардан кейін өз елінің азаматтарына үндеу жасады. Украина басшысы ирандық әріптесі Хасан Руханимен телефон арқылы сөйлескен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Иран басшысымен сөйлескен Зеленский Украина халқына үндеу жасады

Зеленский Иран президенті Руханидің Ислам республикасы әскери күштерінің украиналық лайнерді атып тастағаны үшін барша Украина халқынан және осы қайғылы жағдайда өмірімен қош айтысқан жандардың туыстарынан кешірім сұрағанын атап өтті.

Сонымен қатар, ресми Тегеран ұшақ апатына кінәлі адамдар жазаланатын болады деп уәде берген.

зелен

Сондай-ақ, Украина басшысы лайнердің апатқа ұшырау себептерін зерттейтін мамандардың жұмысы туралы айтты. Президент украин сарапшыларының Ирандағы қызметін жоғары бағалады.

Әңгіме барысында ел басшылары қайтыс болған жандардың денесін анықтау мүмкіндігінше тезірек жүргізілуі керек екенін , сонымен бірге мәйіттер Украинаға тезірек жіберілуге дайын болуы керек деп келісті.

Украина президентінің сайтында хабарланғандай, мәйіттер 19 қаңтарға дейін, яғни келесі аптаның соңына дейін отанына оралуы керек. Айтуынша, Иран президенті тиісті бұйрық беруге уәде еткен.

Сонымен қатар, тараптар құқықтық және техникалық салалардағы толық ынтымақтастық туралы келісімге келді.

Владимир Зеленский үкіметтің қаза болғандардың отбасыларына қаржылай көмек беретініне уәде берді. Мемлекет әуе компаниясынан, сақтандыру компанияларынан және Ираннан өтемақы алуға көмектеспекші.

зелен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1835706-iran-bassysymen-sjlesken-zelenskij-ukraina-halkyna-ndeu-zasady/

pixel