RU
Бейбіт Шүменовтен әлем чемпионы атағын кім тартып алмақшы

Бейбіт Шүменовтен әлем чемпионы атағын кім тартып алмақшы

Рассказать Вконтакте

Бүгінде WBA-ның «қарапайым» чемпионы атағын иеленген қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов өзінің титулынан айырылуы мүмкін: ол рингке бір жылдан астам уақыт шықпаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

шүменов

Бейбіт Шүменов. Фото: wbaboxing.com

Басылымның мәліметінше, қазақстандық боксшының соңғы жекпе-жегі бір жыл үш ай бұрын болған.

Оның неліктен рингте көрінбей жүргені әзірге белгісіз, бірақ ұзақ уақыт болмауына байланысты Шүменов чемпиондық титулын жоғалтуы мүмкін.

Басылым Бейбіттің денсаулығына немесе промоутеріне байланысты мәселе болуы мүмкін екенін атап өтті.

Қазіргі уақытта қазақстандық былғары қолғап шеберіне тиесілі чемпиондық белбеу үшін басты үміткер - WBA-ның «уақытша» чемпионы болып саналатын Оңтүстік Африка Республикасының боксшысы Кевин Лерен.

Айта кетер болсақ, 36 жастағы Бейбіт Шүменов кәсіпқой рингте бірінші ауыр салмақта өнер көрсетеді. 2004 жылы ол Азия чемпионатының «алтынын» жеңіп алды, сонымен қатар Олимпиада ойындарына қатысты.

2010 жылы Шүменов WBA-дағы өзінің алғашқы чемпиондық атағын жеңіп алып, жартылай ауыр салмақтағы IBA дәрежесін қорғады.

Ол қатарынан 5 рет WBA титулын қорғап, тек 2014 жылы америкалық Бернард Хопкинстен жеңіліп қалды.

Ал қазіргі чемпиондық атағын Бейбіт 2018 жылы өткен жекпе-жекте жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel