Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Достарымен демалып жүрген 21 жастағы футболшы акулаларға жем болды

Опубликовано:

Австралияда құтқарушылар мұхиттан неміс футболшысы Эрик Биригиттидің мәйітінің қалдықтарын тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ sports.ru басылымына сілтеме жасап.

ссссс

Перт қаласының 21 жастағы тұрғыны АҚШ-тағы Хастинг Бронкостың студенттік командасында ойнаған. Ол демалысын өз елінде өткізбек болыпты.

Достарымен жартастарда серуендеп жүргенде Эрик тайып құлап, мұхитқа құлаған. Жолдастары оны құтқарып қалуға тырысқанымен, Биригиттиді толқын алып кетіпті.

Оның денесі әйелі Карен Миллиганмен бірге су астында жүзу кезінде акулалардың шабуылына тап болған 57 жастағы сүңгуір Гари Джонсонды іздеу кезінде табылды.

Бастапқыда құтқарушылар адамның дене қалдықтарын Джонсонның сүйегі деп ойлаған, бірақ, кейінірек бұл Биригиттидің денесі екендігі расталды.

Олардың ойынша, футболшыға үш акула шабуыл жасаған.

Айта кетерлігі, 2016/17 ойын мнаусымыда Эрик Хастинг Бронкода «Жыл ойыншысы» атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1835739-dostarymen-demalyp-zrgen-21-zastagy-futbolsy-akulalarga-zem-boldy/

pixel