RU
"Астана" клубына Григорчуктың орнына жаңа бапкер тағайындалмақ

"Астана" клубына Григорчуктың орнына жаңа бапкер тағайындалмақ

Рассказать Вконтакте

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек "Астананы" жаттықтыратын болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Kff.kz

Фото: Kff.kz

Алдағы уақытта чехиялық маман ресми түрде команданың жаңа бапкері ретінде таныстырылады. Онымен бірге кандидаттар қатарына румын Дан Петреску, украиналық Мирон Маркевич, ресейлік Рашид Рахимов және словак Владимир Вайсс енген.

"Астана" бас бапкері қызметінде Билек Роман Григорчукты алмастырады. Осыған дейін 2018 жылдың маусымынан тамызына дейін және 2019 жылы бір маусым бойы еңбек еткен бапкердің клубтан кететіні белгілі болған еді.

Ал 54 жастағы Билек Қазақстан құрамасын 2019 жылдың қаңтар айынан бастап жаттықтырады. Оның басшылығында команда 10-орын алып, Еуро-2020 іріктеу кезеңінде соңғы орындардың біріне ие болды.

Қазақстанға келместен бұрын Билек өз отанында бірнеше клубты, Чехия құрамасын және Тблисидегі грузиялық "Динамоны" жаттықтырған. Оның басшылығымен "Спарта" 2007 жылы екі алтын алса, 2003 жылы Чехияның жасөспірім құрамасы (19 жасқа дейін) Еурода үшінші орынға тұрақтады.

Еске сала кетейік, бұған дейін 2019/20-маусыма аяқталысымен Эрнесто Вальверде әйгілі "Барселона" клубының бас бапкері қызметінен кететіні белгілі болған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel