RU
23 жастағы мексикалық боксшы Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты

23 жастағы мексикалық боксшы Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты

Рассказать Вконтакте

23 жастағы мексикалық Хайме Мунгия дебюттік кездесуінде 35 жастағы ирландиялық Гэри "Спайк" О'Салливанды мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін дивизион чемпиондарымен кездесуге әзір екенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: business.facebook.com/JaimeMunguiaBox

Фото: business.facebook.com/JaimeMunguiaBox

Әсіресе, ол IBF пен IBO белбеуінің иегері, қазақстандық Геннадий Головкинді, WBA Super мен WBС (Franchise) титулына ие мексикалық Сауль "Канело" Альваресті және WBC нұсқасы бойынша чемпион Джермалл Чарлоны кездесуге шақырды.

"Мен дивизиондағы үздіктер "Канело", Головкин және Чарломен жұдырықтасқым келеді", - деді Мунгия жеңістен кейін.

Айта кетейік, боксшының  О'Салливанға қарсы кездесуі 11- раундтағы техникалық нокаутпен аяқталған. Орта дивизиондағы дебюті үшін Мунгия алғашқы орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулынан бас тартты.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, BoxingScene басылымы орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін польшалық Камил Шереметке қарсы өткізетінін мәлімдеді.

Басылым мәліметінше, 37 жастағы Головкин мен 30 жастағы Шереметтің арасындағы кездесу польшалық диаспора көп шоғырланған Чикаго қаласында (АҚШ, Иллинойс штаты) өтеді.

Жекпе-жек 28 наурызға жоспарланған.

Өзге дереккөздердің ақпарынша, қазақстандық боксшы шаршы алаңға сәуір немесе мамыр айында оралмақ.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel