Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Дильназ Ахмадиеваның әкесін 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады (фото, видео)

Опубликовано:

Отандық эстрада жұлдызы Дильназ Ахмадиева әкесінің 70 жасқа толуына орай онымен түскен әсерлі видеосымен бөлісті. Өнер иесі желіде әкесіне ақ тілегі мен махаббатын білдіріп, оны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та құттықтағанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Instagram/dilnaz_akhmadiyeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр/Instagram/dilnaz_akhmadiyeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ахмадиева әкесіне деген құттықтауын Instagram парақшасында жариялаған. Ол туған күн иесіне деген ізгі тілегін жеткізіп, отбасылық мұрағаттағы видеоны ел назарына ұсынды.

Сонымен қатар, әншінің әкесін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та арнайы құттықтаған болып шықты. Ол Мұрат Абдиримұлына арнайы құттықтау қағазын жіберген. Дильназ Ахмадиева президенттің ақ тілегі жазылған құттықтауды да көпшілікке көрсетті.

"Мерейтойыңыз құтты болсын, әкешім! Сізде әрқашан бәрі жақсы болсын! Әрдайым денің сау болсын! Әкешім, бақытты болыңыз! Мен сізді бала кезімнен де әлдеқайда қатты жақсы көремін. Инша Аллах көп жасаңыз! Еңбегіне баға беріп, әкемді туған күнімен құттықтаған президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа рақмет" , - деп жазды әнші.

Мұрат Ахмадиев Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының хор дирижері факультетін бітірген (1975), дирижер, музыкалық жетекші.

1971 жылдан - Қ. Қожамияров атындағы мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрының солиствокалисі.

1984 жылдан - Қ. Қожамияров атындағы мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрының директоры.

2007 жылдан бері - Қазақстан Халқы ассамблесынан сайланған парламенті мәжілісі төртінші шақырылымының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

Алматы қалалық Халық депутаттары кеңесінің депутаты (1984-1986, 1987-1990).

2007 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан республикасы парламенті мәжілісінің төртінші шақырылымның депутаты.

Айта кетейік, Дильназ Ахмадиева 40 жасқа таяған шағында алғаш рет ана атанбақ. Аяғы ауыр екені жайлы ақпарат тарап кеткен соң, өнер иесі алғаш рет жүктілігі туралы пікір білдірді.

Ахмадиеваның тұңғышы болжам бойынша көктем айларында дүниеге келмек.

Әнші болашақ сәбиінің есімін жолдасы екеуі өзара ақылдасып қоятынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1835777-kp-zasayz-dilnaz-ahmadieva-kesin-tugan-knimen-erekse-kttyktady-video/

pixel