Выйти
RU

27 жастағы миллиардер өзімен бірге Айды бағындыратын аруға іздеу салды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жапониялық миллиардер Юсаку Маэдзава әлеуметтік желіде өзімен бірге Айға ұшып бара алатын аруды іздестіріп жүргенін хабарлады. Белгілі болғандай, ер адам екінші жартысын іздестіру үшін тіпті, желіде байқау ұйымдастырыпты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Известия басылымына сілтеме жасап.

Жаңалықтар да солға

Фото: twitter.com/yousuck2020, pixabay.com

27 жастағы Юсаку Маэдзава Twitter желісінде өзімен бірге Айды бағындыруға дайын бойжеткенді іздейтінін хабарлап, арнайы байқау жариялады.

Оның шарттары бойынша, үмііткердің жасы 20-дан үлкен әрі бас бос болуы міндетті. Ең бастысы бірден жаттығуларға кірісу керек. Себебі Айға ұшуға небәрі үш жыл қалған.

Маэдзава өз жобасын "шынайым қарым-қатынас үшін құда түсу" деп атады.

Байқау жеңімпазы тек ғарышқа ұшып қана қоймай, көптің арманына айналған серіге "ие болады".

Маэдзаваның бүгінгі таңдағы қаржылық жағдайы 3 миллиард долларға бағаланып отыр. Десе де, 27 жастағы миллардер әлі күнге дейін өзімен бірге ғарышты бағындыруға дайын аруды таппаған екен.

Естеріңізге сала кетейік, Жапониядағы қарттар үйінде тұратын Канэ Танака 117 жасқа толғанын хабарлаған едік. Оның туған күніне орай мекемеде арнайы сауық кеші өткізілді.

Танака 2019 жылғы 9 наурызда Жердің ең қарт тұрғыны ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына енген болатын.

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
27 жастағы миллиардер өзімен бірге Айды бағындыратын аруға іздеу салды