RU

"Ювентустың" бұрынғы шабуылшысы қамауға алынды

Рассказать Вконтакте

Туридік "Ювентустың" бұрынғы шабуылшысы Фабрицио Микколи адам бопсалағаны үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru басылымына сілтеме жасап.

фото: Instagram/fabrizio_miccoli

фото: Instagram/fabrizio_miccoli

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, футболшы 2010 жылы мафия басшыларына хабарласып, көмек сұраған. Осылайша, ол адам бопсалап, "оңай жолмен" ақша табуға әрекеттеніпті.

Микколидің физиотерепевке кеткен 12 мың еуро қарызды қайтару мақсатында осындай қылмысқа барғаны белгілі болды.

Сот 40 жастағы бұрынғы "Ювентус" шабуылшысын кінәлі деп танып, 3,5 жылға қамау туралы шешім шығарған.

Айта кетейік, Фабрицио Микколи 2002-2004 жылдары туриндік клубта доп тепті.

Ал "Ювентустың" қазіргі уақыттағы үздік шабуылшысы Криштиану Роналду өткен маусымда дүниежүзі бойынша Instagram желісі арқылы ең көп пайда тапқан футболшы атанды.

Айта кетейік, жақында ғана Польша футбол клубына ауысқан жартылай қорғаушы Георгий Жуков әлеуметтік желідегі жазбасы үшін Қазақстан ұлттық құрамасының сапынан шығарылуы мүмкін екенін хабарлаған едік.

Футболшы Instagram желісінде польшалық БАҚ өкілдеріне берген сұхбаты жайында оқырмандарының сұрақтарына жауап бере отырып, Қазақстан жайлы ойын ашық айтқан.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ювентустың" бұрынғы шабуылшысы қамауға алынды
Mailfire view pixel