Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қай мемлекеттерде ерлерге қарағанда нәзік жандылар көп

Опубликовано:

Әр елдегі тұрғындар саны әртүрлі. Мәселен, кейбір мемлекеттерде жастар көп болса, кейбір жерлерде орта жастағы адамдар көбірек. Сондай-ақ демография ер адам мен әйел адамның санына қарай да есептеледі. Араб елдерінде нәзік жандыларға қарағанда ер азаматтар саны көп. Ал кейбір мемлекеттерде жағдай мүлдем басқаша. Осы ретте KAZ.NUR.KZ Рамблерге сілтеме жасап, қай елде қыз-келіншектердің көп екенін анықтап көрді.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Латвия

Бұл елде ер адам өте тапшы. Жүз әйелге бар-жоғы 84,8 ер адам келеді. Латвиялық арулар өзінің өмірлік серігін шетелдік азаматтардан жиі іздейді. Латвия қыздары мигранттармен, туристермен жиі отбасын құрады. Дәл осындай жағдай Литвада да орын алуда.

Кюрасао

Венесуэла маңында, Кариб теңізінде орналасқан Кюрасао елі жайлы көпшілік біле бермейді. Аталмыш мемлекетте небәрі 150 мың адам тұрады. Мұнда да жүз әйелге 85,6 ер адам келеді. Кюрасао аралына туристер мен мигранттар жиі келмейтіндіктен, елдегі тұрғындар саны жылдан жылға азаюда.

Украина

Украинада да ер азаматтардың тапшылығы байқалады. Мұнда жүз әйелге 86,3 ер адамнан келеді. Соңғы жылдары ер азаматтар өзге отбасыға кетуі салдарынан елде жалғызбасты аналардың саны артуда.

Айта кетсек, Гарвард және Амстердам университетінің ғылымдары адам өмірін он жылға қалай арттыруға болатынын анықтады.

Сондай-ақ америкалық ғалымдар адамдардың 80 жылдан кейін қалай өзгеретінін көрсеткен еді. Олар адамдардың сырт келбеті мен қол сүйектері, бас ми сүйегі өзгеретінін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1835819-kaj-memleketterde-erlerge-karaganda-jelder-sany-kp/

pixel