RU
Қара нәсілді жігіттің етегінен ұстап кеткен қазақ қызы өзегін өртеген өкінішін айтты

Қара нәсілді жігіттің етегінен ұстап кеткен қазақ қызы өзегін өртеген өкінішін айтты

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны желіде құдашасының тағдырын баяндады. Автордың сөзінше, ата-анасының мақтанышы болған ару франциялық қара нәсілді жігіттің етегінен ұстап, соңында тізе құшақтап қалған екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Abai.kz сайтына сілтеме жасап.

Елорда тұрғыны қара нәсілді жігіттің етегінен ұстап кеткен құдашасы жайлы әңгіме өрбітті

Көрнекі фото: pixabay.com

Елорда тұрғыны ғаламторда шетелдік жігітке тұрмысқа шығып, ата-анасын жерге қаратқан құдашасы жайлы әңгіме өрбітті.

"Құдашам ауылында мектепте жақсы оқыды. Құда мен құдағи "осыдан бірдеңе шығады" деп болашағына үлкен үмітпен қарайтын. Сонымен уақыт зырлап өтіп, құдашам мектеп бітірді.

Алматы шет тілдер институтына  оқуға түсті. Ауыл-аймағы, туған-туысы мәз болып, ата-анасы шексіз қуанышқа бөленді. Содан не керек әркім өз күйбең тіршілігімен құдашаның оқу бітіретін мезгілі де жетіпті.

Бірақ, құда мен құдағидың жүзі сынық. Байқаймын, Анель жөнінде әңгіме қозғағанда төменшіктеп, кібіртіктеп әңгімені басқа жаққа бұрып жіберетін болды.

Сөйтіп, "Пәленшенің қызы шетелге байға тиіпті" деген күбір-сыбыр өсек шыға бастады.
Сөйтсек, құданың қызы Анеліміз Францияның бір негіріне тиіп алыпты. Құда мен құдағидың ел-жұртқа қарар беті жоқ, қайғысын ішіне жұтып, осыдан он бес жыл бұрын  бірінен соң бірі дүниеден өтті", - деп ағынан жарылды автор.

Арада біраз уақыт өткен соң Алматыға туысының тойына барған ол Анельді кездестірген.

Бүгінде қырыққа жақындаған салиқалы әйел ашық-жарқын кейпімен құдасымен әңгімелескен.

"Махаббатта шекара жоқ, махаббатта ұлт жоқ деген надандардың сөзіне еріп, бір топтан қазақтың үш қызы Франциядан келген үш негірге тиіп алдық. Ата-анамызға бақытсыздық әкелетінімізге миымыз жетпеді.
"Қайран әкем, менің кесірімнен қан жұтып, қайғысы ішін-жеп ерте кетті. Әйтпесе қайтыс болатындай қартайған жоқ қой" деп жылап жіберді", - дейді астаналық әйел.

Автордың сөзінше, оқу бітірген үш бірдей бойжеткен қара нәсілді жігіттердің етегінен ұстап, олармен бірге отанына көшіп кеткен екен.

"Анельдердің шыққан күйеулері Гвинея-Бисау деген жердегі бір тайпаның өкілдері көрінеді. Олардың салты бойынша баласы екінші рет үйленгісі келіп, жастау қыз алатын болса, әйелін өз әкесіне қатындыққа береді екен.

Осылайша екінші әйел алуға бекінген күйеуі Анельді әкесіне сыйлап жіберіпті. Алайда келіншек сол түні-ақ қашып үлгерген.

Келгеніне бір жылға жуық болса да құжатсыз базарда жұмыс істеп, екі баласын асырап отыр екен.

"Ана сорлы екі қызға не болғанын білмеймін. Келерге қаражаты жоқ. Ботадай боздап жылап қалған еді "- деп күрсінді. Бұларға кешіріммен қарауға болмайды, сол керек, "Не ексең соны орасың" деген рас екен", - деп сөзін түйіндеді автор.
Сіздің реакцияңыз
19
5
9
18
1
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel