RU

ҰҚК қызметкерлері қазақстандықтарға үндеу жасады (видео)

Рассказать Вконтакте

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің YouTube арнасында терроризмнің алдын алу туралы видео пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

"Сіздің қырағылығыңыз лаңкестік шабуылдың алдын алуы мүмкін" деп аталатын ролик Қазақстан Республикасының азаматтарын сақ болып, күдікті адамдар мен әртүрлі күдік тудыратын іс-әрекеттерді байқауға шақырады.

Сондай-ақ, барлау қызметкерлері азаматтарға күдікті тудырған заттар, адамдар мен құбылыстар туралы құзырлы органдарға жедел хабарлау маңызды екенін ескертеді.

Ролик кадрларында адамдардың қырағылық танытатын бірнеше жағдай көрсетілген. Мысалы, сауда орталығында қалдырылған сөмке, канистрмен автьобусқа кірген ер адам немесе полиция қызметкерлерін аңдып жүрген капюшон киген күдікті адам қауіпті болуы мүмкін.

ҰҚК қызметкерлері сақ болуға шақырады. Авторлардың айтуынша, адамның қырағылығы терактінің алдын алуы мүмкін.

Еске сала кетсек, өткен аптада Алматыдағы "Esentai Mall" сауда орталығына жарылғыш зат қойылды деген хабар түсіп, ондағы адамдар шұғыл түрде шығарылған еді. Құқық қорғау органдарына Алматыдағы жылдам тамақтанатын мейрамханалардың біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскен.

Кейін белгілі болғандай, сауда орталығы толықтай тексеріліп, нәтижесінде тексеру кезінде ешқандай жарылғыш зат табылмаған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ҰҚК қызметкерлері қазақстандықтарға үндеу жасады (видео)
Mailfire view pixel