RU

40 жыл бойы мұзды суға түсіп жүрген 80 жастағы қария көпті таңдай қақтырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан ұлттық арнасының "Ниет" бағдарламасында Мэлс Молдағалиев атты кейіпкер қонақ болды. 80 жастағы қарағандылық қария тікелей эфирде салауатты өмір салтының арқасында жас көрінетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы жобаның әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр: Instagram/niet_telezhoba

Видеодан кадр: Instagram/niet_telezhoba

Мэлс Молдағалиев бағдарлама барысында 40 жылдан астам уақыт салауатты өмір салтын ұстанатынын, соның ішінде суға түсуді күнделікті әдетке айналдырғанын, сүйікті ісін тіпті, қыстың қақаған аязында да тастамағанын жеткізді.

Қарағандылық қарияның айтуынша, ол жасы 80-ге келсе де, өзін жас сезінеді екен.

Ер адам мұзды суға түсіп жүргеніне 40 жыл болғанын жасырмады.

Мұны көрген желі оқырмандары спортпен шұғылданатын қарияға таңданысын жасыра алмады.

Олар қарияның әрекетінен көпшілік үлгі алса екен деген де тілектерін білдірді.

"Тамаша", "Керемет. Спорт - денсаулық кепілі", "Атамыздың әрекеті көпшілікке үлгі болса екен", "Салауатты өмір салтын ұстанудың арқасында, атамыз өзін жайлы сезінеді", "Сақал, мұртына дейін ағармаған", - деді олар.

Еске сала кетсек, осыған дейін судың адам ағзасы үшін пайдасы туралы жазған едік.

Одан бөлек, бөдене жұмыртқасы мен ешкі сүтінің пайдасы туралы мақала жарық көрді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
40 жыл бойы мұзды суға түсіп жүрген 80 жастағы қария көпті таңдай қақтырды
Mailfire view pixel