RU
Атырауда батарея жұтып қойған сәбидің өлімінен соң дәрігерлердің үстінен іс қозғалды

Атырауда батарея жұтып қойған сәбидің өлімінен соң дәрігерлердің үстінен іс қозғалды

Рассказать Вконтакте

Атырауда асқазанында бөтен заты бар 11 айлық науқасты емдеген медициналық қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ATPress.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Полицияның айтуынша, дәрігерлердің өз міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан адам өліміне әкеліп соқтырған бап бойынша тергеу жүргізілуде. Сараптама жүргізіледі. Тергеу барысын ПД басшысы мен облыстық прокурор бақылауына алған.

Бірнеше күн бұрын Атырауда батарея жұтып қойған 11 айлық нәресте көз жұмған. Бұл оқиға өткен жылдың соңында болған.

Одан кейін батареяның баланың асқазанында бірнеше күн жатқаны туралы ақпарат шықты.

Қайғылы жағдайдың хронологиясына сүйенсек, 22 желтоқсанда баланы өңірлік балалар ауруханасына жеткізген. Рентген жасалған. Оның көмегімен асқазандағы белгісіз зат анықталған. Алайда баланы үйіне қайтарып, ата-анасына ертең алып келулерін өтінген.

Осыдан соң бала хирургқа келген, ал ол нәрестені ата-анасымен бірге педиатрға жіберіпті. Әкімдіктің түсіндіруінше, сәбидің туыстары оны балалар дәрігеріне көрсетпеген.

Үш күн өткеннен кейін баланы медициналық мекемеге ауыр жағдайда жеткізген. 27 желтоқсанда ота жасалған, дегенмен жұтып қойған заттың денсаулыққа тигізген зардабы соншалықты, баланы құтқарып қалу мүмкін болмаған.

Сондай-ақ, әлеуметтік желіде қаза болған сәбидің әжесі жасаған мәлімдеме пайда болды. Әйел адам немересінің қазасына дәрігерлерді кінәлаған.

Сіздің реакцияңыз
3
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel