Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ертіс өзенінде су деңгейі көтерілді: Қала тұрғындары эвакуацияға дайын

Опубликовано:

Семейде қаланың бірнеше аудандарын су басу қаупі туындады. Төтенше жағдайға Ертіс өзенінің арнасына мұздың жиналуы себеп болған. Алайда мамандар мұзды жармауға кеңес береді. Олардың сөзінше, бұл жағдайды қиындата түспек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ШҚО ТЖК
Фото: ШҚО ТЖК: Depositphotos

ШҚО ТЖК хабарлауынша, Ертіс өзенінде мұз қату процесі жүруде. Мұздың су астына түсуіне жоғары температура себеп болған.

Азаматтық қорғаныс органдарының күштері мен құралдарының әрекеттерін үйлестіру үшін ШҚО ТЖД-де жедел штаб құрылған.

"Бейбітшілік" аралында орналасқан үйлер қауіпті аймақта қалып отыр. Судың деңгейі 380 метрден 450 метрге бірден көтерілген деп жазады YK-news.kz.

Қазіргі уақытта жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігі үшін барлық қажетті шаралар қабылданған. Аталмыш жұмыс өңір әкімі Даниал Ахметовтың жіті бақылауында.

Өзен арнасындағы су деңгейінің күрт көтерілуіне мұздың кептелуі себеп болған.

ШҚО әкімі қазіргі уақытта жағдайдың тұрақты әрі бақылауда екенін атап өтті. Ахметовтың сөзінше, Семейдегі төтенше жағдай орнында қазіргі уақытта оның орынбасары Бақытжан Байахметов, сондай-ақ "Казвзрывпром" компаниясының өкілдері мен жетекшілері бар.

Сонымен басылым мәліметінше, қауіпті аймақта қалған 32 үйдің тұрғындарына шұғыл эвакуация жасалуы мүмкін екені ескертілген.

Қауіп пайда болған жағдайда адамдарды тасу үшін ондаған жолаушылар автобусы мен 870 орынға есептелген эвакуация пунктері дайындалған.

Ахметов қазіргі уақытта су 470 см деңгейде тұрғанын атап өтті. Оның сөзінше, бұл өткен жылғы көрсеткіштен төмен. Өткен қыста судың деңгейі 502 см дейін жеткен. ШҚО әкімінің айтуынша, осындай көрсеткіш кезінде де су басу болмаған.

Сондай-ақ Семей әкімі Ермак Сәлімов те журналистермен кездесті. Ол жағдайдың қаншалықты ауыр екенін айтып берді. Оның сөзінше, қала тұрғындарына қауіптенуге еш негіз жоқ деп жазады Қазақпарат.

Қала басшысы 450 см қауіпті көрсеткіш екенін, алайда 502 см деңгейде болғанда да су басу дерегі тіркелмегенін айта кетті.

"Бейбітшілік" аралынан бөлек, Восточный, Мирный және "Пристани" аудандары қауіпті аймақта тұр.

Сәлімовтың сөзінше, осы аудандарда 760 адам өмір сүретін 254 үй орналасқан.

Алайда судың деңгейін төмендету үшін жарылғыш заттар қолданылмайды. Мамандардың пайымынша, бұл жағдайды қиындатып жібермек.

Айта кетсек, Дубайда толассыз жауған нөсер салдарынан қала көшелерін, сауда орталықтары мен қонақ үйлерді су басып қалғаны хабарланған. Сондай-ақ төтенше жағдайдан соң Дубай халықаралық әуе жайында барлық рейстер кейінге шегерілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835889-ertis-zeninde-su-degeji-kterildi-kala-trgyndary-evakuaciaga-dajyn/

pixel