RU
БАҚ: Әблязовтің басты сыбайласы АҚШ-та сот алдына келді

БАҚ: Әблязовтің басты сыбайласы АҚШ-та сот алдына келді

Рассказать Вконтакте

АҚШ-та Мұхтар Әблязовтің басты сыбайластарының бірі Александр Удовенкоға қатысты сот процесі басталды. Ресей кәсіпкері Вашингтонда ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Анықталғандай, осыған дейін Удовенко Лондон қаласында болып, кейіннен Ұлыбритания астанасынан көп уақыт бойы кетіп қалған. Ол осылайша сот төрелігінен қашып жүрген.

Eureporter басылымының ақпаратына сәйкес, кәсіпкер Мұхтар Әблязовке БТА банкінен миллиардтарды алып шығу үшін қолданылған оффшорлы компанияның ірі желісін құруға көмектескен.

Басылым мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Әблязов Париж қаласында. Алайда, ол Бельгия резиденті болудың алдын алып, өз қызығушылығын Брюсселде қорғайтын заңгерді де тауып қойған.

Осылайша, қашқында жүрген қазақстандық банкир өзін алаяқ деп айыптаған Ұлыбритания, Ресей, Украина және Қазақстан билігінен жасырынуға тырысып жүр. Қазақстандық тарап болса, оған іскерлік серіктесін өлтірді деген айыппен үкім шығарды.

Ал АҚШ-та жасырынбақ болған Удовенконы қолға түсіру мүмкін болып, сотқа шақырту жіберілді.

Бірақ, ресейлік кәсіпкер өз кінәсін теріске шығарып отыр.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы қаласында ДВК қатысушыларының ісіне қатысты сот процесі аяқталды. Сот олардың барлығына дерлік бірдей үкім шығарды.

Ал Әблязовтің өзіне қатысты сот ісі Америкада 2020 жылы өтуі мүмкін. АҚШ билігі қазақстандық банкирді ел аумағында банктен ұрланған ақшаның ізін жасырды деп айыптады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel