RU
Ақтөбе облысында мұғалімнен құрт ауруы анықталып, бүтін бір ауыл үрейде отыр (фото)

Ақтөбе облысында мұғалімнен құрт ауруы анықталып, бүтін бір ауыл үрейде отыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысы Алға ауданы Бесқоспа ауылында бір мектеп мұғалімінен құрт ауруы анықталды. Бұл ауыл мектебінде тіркелген бірінші жағдай емес. Соңғы он бес жылдықта аталған білім ордасының бірнеше мұғалімі мен қызметкерлері өкпе аурулар ауруханасында емделіп шыққан. Өткен жылдың соңында тіркелген жағдай мектеп әкімшілігін тағы да аяғынан тік тұрғызды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Ауыл мектебінің оқушылары үшінші тоқсанды дәрігерлік тексеруден өтумен бастап жатыр.

"Бір мұғалімнен құрт ауруының анықталғаны рас. Оны 25 желтоқсан күні білдік. Ауру анықталғаннан кейін мектепте залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. 2018 жылы да осы мектептің мұғалімі құрт ауруынан емделіп келуіне байланысты осыған дейін де алты ай сайын оқушылар да, мұғалімдер де тексерістен өтіп отырады.
Биыл тағы жағдай анықталып отыр. Үшінші тоқсаннан бастап, бір медсестра, 15 оқушы ауданға барып, рентгенге түсіп келді. Оның қорытындысы енді келеді. Осы аптаның ішінде барлық бала рентгенге түсіріледі",- дейді директордың орынбасары Райгүл Сукашева.

Жаңа жыл алдында болған оқиғаға мектепке баласы баратын ауыл халқы алаңдап отыр. Залалсыздандыру жұмысына көңілі толмаған олар облыс әкіміне анонимді хат жолдаған. Онда қандай мұғалімдердің құрт ауруымен емделгені жазылған.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Арызда мектепте 15-20 жыл бұрын осы аурумен емделген адамдарды жазған. 15 жыл бұрын үш мұғалім, алты кіші қызметкерден өкпе ауруының белгісі анықталған болатын. Олардың бәрі де емделді", - дейді шағын жинақталған мектеп директоры Рүстем Қожаназаров.

Қазір 400-ден аса тұрғыны бар ауыл тұрғындары дәрігерге ағылып, өкпе ауруынан сақтанудың жолдарын сұрап жүр.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Анықталған жағдайдан кейін мектептегі медбикемен бірге балаларға түсіндеру жұмыстарын жүргіздік. Ата-аналарға да туберкулезден сақтану жолдарын айтып жүрміз. Өзінің, балаларының денсаулығына алаңдаған тұрғындар келіп, кеңес алып жатыр. Көп адам келді. 2020 жылы бір жағдай, 2019 жылы 1 адам ауырды. Өткен жылы 2000 жылы туған бала өкпе қабынуы дертіне шалдықты. Мұндай жағдайда бірден санитар мамандара хабарлама береміз", - дейді Бесқоспа ауылының медбикесі Ақмарал Қосыбаева.

Ауыл тұрғындары мәселені жасырмай, бірден айту керек еді деп ренжиді.

"Облыстан, жан-жақтан адамдар келді. Ешқандай қауіп жоқ деп сендіріп отыр. Бұл жағдайға барлығымыз кінәліміз. Ауыл кішкентай. Уақытында бәріне айтып, түсірдіру қажет еді. Балам мектепте мұғалім. Соңғы жылдары ауру шыққаны рас. Облыстан туберкулез диспансерінің бас дәрігері келді. Маман келіп, айтқан соң, сеніп отырмыз", - дейді ауыл тұрғыны Нұрлыбек Балманов.
Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Ақтөбе облысы әкімінің атына мектептегі жағдайға қатысты арыз түсуіне байланысты комиссия құрылған. Құрамында облыстық тауарлармен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен бастап, облыстық туберкулез диспансерлік орталығы, облыстық білім басқармасы, Алға ауданының әкімдігі, және аудандық денсаулық, білім бөлімі де бар.

"Халықпен, педагогика қызметкерлерімен кездесу, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осыған дейін тіркелген жағдайға байланысты мектеп ұжымы қауіпті топ саналып, жылына екі рет медициналық тексеруден өткізіліп отырды. Қадағалауда болды. Кешегі жағдайдан соң да залалсыздандыру жұмысы жүрді. Бүкіл ауылға карантин жарияланбайды. Залалсыздандыру жұмысы сабақ тоқтатпай, тек сол сынып ішінде жүрді", - дейді Бестамақ ауылдық округінің әкімі Қанат Дәулеталин.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel